Дәрігерлер қазақты бесігінен бездіре бастады

Img_5084 Қазақстандық дәрігерлер қазақты бесігінен бездіре бастады. Олар ғасырлар бойы талай ұрпақты өсіріп өндірген тал бесікті зиянды деп көрсеткен. Бесіктен безу керек деген әңгімені көтерген балаларды емдейтін бүгінгі дәрігерлер. Ата дәстүрден қауіп көргендердің уәжі - бесік бала денесін дамытпайды. "Бесіктің қауіптілігі баланың денесін орап қойғаннан басталады. Мысалы, кішкентай нәрестенің бұлшық еттері қысылып, түрлі ауруларға алып келетінін жасырмау керек .Сонымен қоса, нәрестенің денесін орап қойған кезде қан дұрыс жүрмей, миына толық жетпейді. Сондықтан, енді жас аналар бесікке бөлемеу керек деп санаймын", - деп мәлімдеді бала дәрігері Жанна Молдабекова. Қазақтың алып денелі, еңгезердей батырлары бесікке теңелмеген бе екен? Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Сондықтан, "Ел іші - алтын бесік" деген сөз бекерге айтылмаса керек. NUR.KZ