Қостанай облысында ауыл тұрғындары әкімге қарсы шықты

snapshot20130527181928 Қостанай облысында ауыл әкіміне қатысты шу шықты. Жангелді ауданы Жаркөл ауылының тұрғындары бірауыздан "басшымыз қызметінен кетсін" деп отыр. Себебі, шенеунік қордаланып қалған мәселелерімізді шешпек түгілі, тыңдағысы да келмейді" дейді халық. Шу шыққан елді-мекен ресми түрде Жаркөл, ал халық арасында Тәуіш аталып кеткен. Бұл ауылға жаңадан әкім сайланғанына 2 жылға жуық уақыт болған. Қарапайым тұрғындар "содан бері жағдайымыз бұрынғыдан бетер нашарлап кетті",- дейді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұнда ешқандай жұмыс жоқ. Жалғыз әлеуметтік мекеме мектепте істейтін кейбір адамдар "жұмыстан да айырылып қалдық", - деп налып отыр. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ауылда ағайыншылдыққа басымдылық беріле бастаған. Ал Жаркөл ауылдық округінің әкімі Берік Әубәкіровтің айтуынша, мұндағы халық саны 1600-ден астам. "Оның барлығына бірдей жұмыс тауып беру мүмкін емес", - дейді. "Біз ауданға қараймыз ғой, бізге негізгі бюджетімізді бөліп берген жоқ.Құр жанағы өзіміздегі жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысымен ғана не істеп отырмыз. Алдағы жылы 2015 жылдан бастап ауылдың өз бюджетін бекітіп береді деп жатыр", - деп ақталды ол. Әбден ашу ызаға булыққан тұрғындар ауыл әкімі ауыссын деп отыр. Олардың бар тілегі осы Жаркөл ауылындағы әлеуметтік мекемелерге жұмысқа орналасу. Қарапайым халықтың айтуынша, қазіргі әкім осы бағыттағы жұмыстарды жөнді реттей алмай отыр. NUR.KZ