Баспанасынан айырылғалы отырған көпбалалы ана өзін және балаларын өртемек
2014 ж. 30 мамыр
2155
1
Алматы облысында Моңғолиядан оралған көпбалалы жесір әйел далада қалуы мумкін. Жергілікті кәсіпкер айла-қулықпен көпбалалы отбасыға күтімсіз пәтерді сатып, ал кейін тұрғын үй жөндеуден өткен соң, іскер жылжымайтын мүлікті банкке кепілге қойып жіберген.
Төрт баланың анасы Гулмаржан Таифтың екі бөлмелі пәтерінің бес жыл бұрынғы көрінісі бұл. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған баспананы жөндетуге отбасы 3000 доллар жұмсапты. Бұл суретті оның марқұм күйеуі пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын түсірген.
Бүгінде Гүлмаржан пәтердің құжаттарын реттемей тұрып, жөндеу жүргізгендеріне өкінеді. Өйткені баспананың бұрынғы қожайыны қолхат жазып қалдырып, бой тасалаған. Көп ұзамай, пәтердің банкке кепілге қойылғаны анықталып, пәтерді босату жөнінде сот шешімі шығарылған.
"Біз пәтерді жөндетуге бір миллион теңгеден артық қаражат жұмсадық. Құжаттарды қайта жасау барысында пәтер сатушыдан өзімізге тиесілі құжатты сұрадық. Ал ол пәтердің кепілде тұрғанын айтып, өз үйін және диірменін сатамын деп қолхат берді", - дейді Балпық би ауылының тұрғыны Гүлмаржан Таиф.Әлдекімнің алдауына түскен көпбалалы жесір ананы қорғауға енді көршілері атсалыспақ.
Гүлмаржан Таиф жылжымайтын мүлік аламын деп, бәлеге ұрынған жалғыз тұрғын емес мұнда. Көршілерінің де басына бұл қиындық түскен. Бірақ,алданған тұрғындар Көксу аудандық прокуратурасына арыз-шағым түсірмегендіктен, құқық қорғау орындарынан да шара қолданылмаған. Есесіне, қандас ағайындарға қоғам белсенділері көмекке келіпті. Көпбалалы ана Гүлмаржан Таиф отбасын пәтерден айыратын болса өзін және балаларын өртеймін деп отыр.31 арна