Алматыда қараусыз қалған мүгедектер үйлерін қоқыс алаңына айналдырған
2014 ж. 30 мамыр
2234
0
Тұрғындар көршілерінің мұндай әрекетіне 10 жылдан астам уақыт бойы төзіп келеді. Әкесі 1-ші топтағы мүгедек. Ал аяғынан айырылған қызы арбаға таңылған. Өздігінен әжетханаға бара алмайтын ол дәретін отырған жерінде сындыры екен.
Баспана деген аты болмаса, пәтер іші қоқысқа толы. Қаптаған шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа. Өздері әрең жан бағып жүрсе де, ит пен бірнеше мысық асырайды.Бұдан бөлек, пәтерінде құрт-құмырсқа қаптаған деп хабарлайды КТК арнасы. Ал айналасындағы тұрғындар құзырлы орындарға қанша шағымданғанымен, еш нәтиже болмапты. 10 жылдан бері тұтас бір тұрғын үйдің құтын қашырған 63 жастағы қария мен қызы – мүгедекnth. Баспаналарына бас сұққанды қойып, мұндағы подъезге кірудің өзі мұң. Себебі, жағымсыз иіспен бір сәт те тыныстау мүмкін емес. Көршілерінің сөзіне сенсек, әкесі, мүгедек арбасына таңылған қызымен, 14 жасында төсек қатынасына түсіпті. Ақыл-есі кем азамат сол үшін ауруханада жатып шыққан. Енді әкесі мен қызы нағыз шошқа қорада тұрып жатқандай.
Қарияның көзі нашар көрсе, 7 жыл бұрын аяғынан айрылған қызы, арбаға таңылған. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын ол, әжетханаға да бара алмайды.
"Дәретханаға отыра алмаймын" деп ашынған мүгедек, амалсыз отырған жерінде дәретін сындыра береді. Ал үйдің еденіне жиылған нәжіс, төменгі пәтерге қарай ағады. Сондықтан астыңғы қабаттағы Камила Айтахунова, мүгедектердің пәтерін өзі барып тазалауға мәжбүр. Пәтерлерін қоқысқа толтырған кембағал жандардың туыстары да бар екен. Алайда келіп, қамқорлық танытатын ешқайсысы жоқ.Тұрғындар құзырлы орындарға сан мәрте шағымданғанымен, амал қолданатын шенділер де табылмапты. Енді тым болмаса, қараусыз қалған мүгедектерге әлеуметтік көмек болса деп тілейді.
КТК арнасы