Ресей немесе Белорусь еліне барып, емін-еркін жұмыс істеуіңізге болады
2014 ж. 29 мамыр
2005
1
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жақсы жұмыс іздеп жүргендерге еш кедергілер болмайды.
Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО аясында Беларусь, Қазақстан немесе Ресейге келіп, жақсы жұмыс іздеп жүргендерге мүмкіндік жасалып отыр. Осы үш елдің кез келген азаматы еш кедергісіз, қандай да бір қиындықтарсыз жұмысқа орналаса алады. Бұрынғыдай көші-қон заңнамасы тарапынан азаматтарға кедергілер болмайды.Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысынан кейінгі брифингте РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мәлім етті.
Сонымен қатар ресейлік вице-премьер енді осы жұмысшыларға ұсынылатын әлеуметтік кепілдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ішіндегі кепілдермен бірдей жағдайда ұсынылатынын атап өтті.
Қазақпарат