Павлодарда бүлдіршінге ине тыққан тәрбиешіге 100 мың теңге айыппұл салынды
2014 ж. 29 мамыр
2296
0
Павлодарда 5 жастағы балақайды ұрды деген күдікке іліккен тәрбиеші енді 100 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты балабақшадағы кикілжіңге қатысты осындай шешім шығарды.
Оның айтуынша, педагогтар психологиялық әдіс арқылы бала тәртібін түзеуден әріге аспайды. Дегенмен,осы кикілжіңнен кейін педагог жұмыстан өз еркімен босатылған.Алайда әйелдің әріптестері әкімшілік соттың шешімімен келіспей отыр. Балабақша директоры тәрбиешіні балаға ине сұғып, жәбірледі дегенге мүлдем сенбейді.
Бүгін әкімшілік сот балабақша қызметкерін кінәлі деп айыптап, айыппұл төлеу туралы шешім шығарды.
Павлодарлық келіншек 5 жастағы баласының денесінен дақтарды көріп, тәртіп сақшыларына шағымданған екен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сарапшылар денеде ине іздерінің бар екенін растаған.
Балабақшаның екі қызметкері осы жанжалдан кейін жұмыстан шығып кетіпті.