ҚАЗАҚ ТІЛІ - ЖАЛҒАН ОППОЗИЦИЯ ҚОЖАЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛЖАУЛЫҒЫ ЕМЕС, "ТРИБУНА!"
2014 ж. 25 мамыр
13638
13
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАРСЫ “ТРИБУНА – АШЫҚ АЛАҢ” ГАЗЕТТЕРІНІҢ БЕТТЕРІН БЕРУ АРҚЫЛЫ БЕТПЕРДЕЛЕРІНЕН АЙРЫЛЫП, ӘШКЕРЕ БОЛҒАН ЖАНБОЛАТ-ИНГА БҰЛ САТҚЫНДЫҚТАРЫН ҚАЛАЙ АҚТАМАҚ?!.
Белгілі қоғам қайраткері, ұлтшыл азамат Серік Сапарғали өз парақшасында жанайқайын жариялапты. “Ашық алаң (Трибуна)" газеті Сакен Жүнісов дегеннің ОРЫС тілін екінші МЕМЛЕКЕТТІК тіл қылу керек деген сандырағын” құлшына жарияласа (2 бет), әрине, Серік Сапарғали: “Тіл мәселесі, Украинадағыдай, Тәуелсіздікпен пара-пар мәселе! Сондықтан, сатқын, ақымақ Жүнісовке трибуна бергендерің сендердің де сатқындықтарың, Жанболат -Инга!” деп өте дұрыс айтқан! Иә, Сәкен Жүнісовтей мықты жазушының атынан садаға кеткір бейшара орысқұлдың мемлекеттік тілге қарсы шығуына “Трибуна” (Ашық алаң) газетінің беттерін беру арқылы бетперделерінен айрылып, әшкере болған Жанболат пен Инга бұл сатқындықтарын қалай ақтамақ? Жанболаттың және өздерін "нағыз оппозиция" санайтын "саясаткерлердің" 2011 жылы Мұхтар Шаханов бастаған қазақ тілін қолдауға, Атазаңдағы орыс тілі туралы бапты алып тастауға арналған 138-дің хатына қарсы шығып, орыс тілін жанталаса қорғағанынан қорқып едім… Көрші елдерде, мысалы, Өзбекстанда болса, бұндай өзі де ауыр халдегі мемлекеттік тілге қастық жасаған газетті өртеп, басшыларын есекке теріс отырғызады.
Осы өздерін оппозициямыз дейтін орысқұл мен құлқынқұлдарға мемлекеттік тілдің жайын айтып қол қой десең, “бірінші мәселе – ол емес”-деп, шалт бұрылып, қашатын шакал-әдіс тауып алыпты… Өздерінің қазақ тіліне, қазақ мүддесіне қас қожайындарының талабымен қазақ тіліне қарсы болып отырғандарын жауып-жасыру үшін “біз бірінші билікке қарсы шығып, ауыстыруға күш салуымыз керек! Сонда ғана қазақ тілі оңалады,”-деп “жақсы” жабу, айлалы амалға көше салып, қара мысықтай аунап түседі. Онысы да өтірік. Билікті ауыстыру керек"-деп отырғандардың билікке қарсы көзге түсетін әрекеттерін көрген жоқпыз. Митингке шақыра қалса, өздеріінің офисіндегілерден басқа ешкім шықпайды. Өйткені, қадірі жоқ халыққа. Себебі, халық біледі кімнің-кім, кімнің қазақ тіліне қас екенін... Ал жоғарыда айтылған мемлекеттік тіл мәселесіне арналған 138-дің хатына байланысты ұйымдастырылған митингке 5 мыңдай адам жиналды. Атазаң талабын қорғап, мемлекеттік тіл - мемлекет мүддесін қорғап өткізген жиынды қаптап қоршап тұрған полицейлерді де адамдарға... қосып есептесек, митингіге қатысушылардың жалпы саны 5 мыңнан да асып кетті... БұлТәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен көрсеткіш! Міне, қазақ үшін бірінші мәселе - не екенін осыдан-ақ білуге болады ұлттық намыс, саяси сауат, болса... Мен "Біздің орысқұл биліктен еш айырмашылығы жоқ орысқұл оппозициямыз бар." - деген, кейін мәтелге айналып кеткен сөзді осы митингте де айтып, билік пен оппозициядағы қазақ тіліне қарсыларды түгел атап берген болатынмын... Ол сөз қазір 129 сайтта, тіпті Ресей Федерациясы Кеден комитеті сайттында тұр... (оларға не үшін керек екен?..). Ал көптеген басылымдармен бірге "Жас Алаш" газеті тіл митингісі туралы хабарды " Ақорда мемлекеттік тіл тағдырын шешпесе, біз Алаңда шешеміз!" - деген менің сөзімді тақырыпқа шығарып жариялады...