Рудныйда жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды
2014 ж. 24 мамыр
2549
1
Рудныйда сәуір айының соңында жоғалған жеті жасар Виктория Ганяның анасы Мария Остапенко қызының өлімі жайлы хабарлады.
Таңертең Остапенконың "Одноклассники" әлеуметтік парақшасында: "Оны өлтірді..." деген хабарлама пайда болды. Алайда бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.
Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінен алдымен мәйіттің дәл сол қыздыкі екенін тексеріп, тану керек. "Одноклассники" әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Ирина Шалыгина Остапенконың жазбасына: баланың мәйіті Алексеевка ауылында жерге көмілген күйі табылған деген жазу қалдырған. Осыған дейін хабарланғандай, Виктория Ганя 24 сәуір күні жоғалған. Оны іздеуге еріктілер тобы, ішкі әскер сарбаздары, мемлекеттік мекемелер мен полиция қызметкерлері тартылды. Қостанай облысының ІІД басшылығы жоғалған бала туралы шын ақпарат таратқан адамға 1 милиион теңге берілетіні жайлы жариялаған болатын.Рудныйлық Владимир Радченко қалай қала шетіндегі бұзылған ғимараттан 7 жасар Виктория Ганяның денесін іздеп тапқанын айтып берді, деп жазады Наша газета басылымы.
Владимир Радченко марқұм Викторияның анасына қала шетіндегі ескі үйлерді бақылап тұрған бейнекамералардың жазбасын алу керектігін айтқан.
Викторияның анасы Марияға бейнежазбалар берілген соң, олар мұқият қарап, 24 сәуір күні 16:01-де ер адамның қызды жартылай бұзылған ғимаратқа ертіп апара жатқанын көрген. Ол жерде бұған дейін қыздың орамалы табылған болатын. Осыдан кейін ерікті осы төңіректі мұқият тексеріп, адам қолымен жиналып, бейне бір нәрсенің бетін жауып, жасырып қойғандай мұқият тізілген кірпіштерді табады. Кідірмей аршып қараса, астынан қыздың денесі шыққан. Ол бірден Ганяның анасына қоңырау шалып, артынша полиция шақырған.nur.kz