Жамбыл облысында әкімдік қызметкері баланы ұрлап кеткен
2014 ж. 06 мамыр
1864
0
Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сәбиді ұрлап кетті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Сарысу аудандық сотының өндірісіне түсті. Оқиға өткен наурыз айында болған. "05.02.2008 күні туған баланың үйінің қасында тұрып, пайдакүнемдік мақсатпен оның сеніміне кіріп, ұрлап кеткен, ол баланы жұмысына апарған. Айыпталушы М.Бектай Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және статистика бөлімінде жеке еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеген. Бектай баланы ұрлап әкетіп, өзінің жұмыс орны - Сарысу ауданы әкімдігінде экономика және статистика кабинетінде жасырған", - делінген соттың хабарламасында.
Баланы ұрлап кеткеннен кейін әкімдік қызметкері оның ата-анасына хат жазып, баланы 200 мың теңгеге қайтаратынын айтқан. Күдіктіге қатысты "Пайдакүнемдік мақсатпен кәмелетке толмаған адамды ұрлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
tengrinews.kz