БҚО-да шиеттей бала-шағасы бар шаңырақ далада қалды
2014 ж. 04 мамыр
1783
0
Батыс Қазақстан облысында далада қалған отбасы көмекке зәру. Айтып келмейтін апат олардың жиған тергенін үш жыл ішінде осымен екінші рет тас талқан етті.
2011 жылы тасқын судың астында қалған үйлері, бұл жолы түгі қалмай өртеніп кеткен. Туыстарын жағалаған отбасының қайтадан баспана салуға шамасы жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.
Өрт сөндірушілер келгенше, үйдің түгі қалмай, жиған тергендерінің барлығы күлге айналған. Дәрігерлер, оттан аман қалған күйеуі мен балаларның өмірі үшін 2 күн бойы арпалысыпты. Содан бері 2 ай уақыт өтті. Ал, өрімдей үш баланың үсті басын күйік шалған. Қазір далада қалған отбасы туыстарын жағалап жүр.Мейрамгүл Есетова сол бір күнді қорқынышпен есе алады. 1-ші наурыз сағат таңғы бесте үй ішіндегі қою қара түтіннен әзер оянған ол, жалғыз баспанасының отқа оранғанын көріп абдырап қалады. Айқайлап, күйеуі мен баласын оятқанымен, олар шыр үйқыда жатыпты.
"Бір үйде 4 семя тұрып жатырымз. Үйленген балам бар. Оның екі баласы бар.Бір қызымның екі баласы бар. Мына қызымның үш баласы бар. Тағы бір қызым квартирада. Бәріміз тұрып жатырмыз", - дейді Мейрамгүлдің анасы Любовь Есетова.
Бұл отбасының басына түскен алғашқы қиындық емес. 2011 жылдың көктемінде баспаналары тасқын судың астында қалған болатын. Ал, енді өрттің кесірінен не құжаттары да қалмаған.
"Не құжаттарды не заттарды ала алмадық. Барлығы жанып кетті. Қалай ұйықтап жатық солай дадалға шықтық. Үйге кіру мүмкін болмады", - дейді Деркөл ауылының тұрғыны Мейрамгүл Есетова. Онсыз да тасқыннан кейін естерін енді жинап келе жатқан отбасыда енді өртенген үйді қалпыран келтіретін шама жоқ. Жедел жәрдем қызметінде істеген Мейрамгүл қазір бала күтімімен үйде отыр. Ал күйеуінің көлік жүргізіп тапқан 50 мың теңгесі күнделікті астан артылмайтыны түсінікті. Сондықтан жас отбасы шенеуніктерден көмек сұрап жүр. Олар сондай-ақ жоғары жақтан ғана емес, қараша да мүмкіндігінше қол ұшын созса деп тілейді."КТК" арнасы