Балабақша директоры өлім жазасына кесілді
2014 ж. 07 сәуір
9902
0
Қытайда балабақша директоры бес және алты жасар апалы-сіңлілі қыздарды улады деген айыппен өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды BBC Russian.сайты.
Қайғылы оқиға Хэбэй провинциясында орын алған. Балабақшаға бара жатқан жолда қыздар түрлі-түсті қарындаш, блокнот және бір бөтелке йогурт салынған сөмке тауып алады. Кейіннен белгілі болғандай, йогуртқа тышқанның уы қосылған екен. Қыздардың екеуі де қайтыс болды. Жергілікті БАҚ құралдарының хабарлауынша, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған, екіншісі жаны қатты қиналып ертеңінде о дүниелік болды.
Директор көрші балбақшаға көп бала жазылғаны үшін, олардың атына кір келтіру мақсатында йогуртқа у қосқанын мойындады.
tengrinews.kz