Назарбаев Путинмен Қырым референдумы туралы сөйлесті
2014 ж. 17 наурыз
2187
0
Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі РФ президенті әкімшілігінің kremlin.ru ресми сайтына сілтеме жасап.
"Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. В.Путин мен Н.Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікірлерімен алмасты", - делінген сайттағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, әсіресе бүгін Қырымда өтіп жатқан референдумға баса назар аударылды деп жазады Tengrinews.kz.
"Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы, қырымдықтар үшін маңызды болып табылатын мәселеде тұрғындардың тілектерін еркін білдіру мүмкіндігі қамтамасыз етілгендігі атап өтілді", - делінген мәтінде.
Еске салсақ, 16 наурызда Қырымда автономия мәртебесі туралы референдум өтеді. Сағат жергілікті уақытпен таңғы 8-де дауыс беру басталды; дауыс беру 12 сағатқа созылып, кешкі сағат 20:00- де тоқтатылады.
tengrinews.kz