Балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға тосқауыл қою керек
2014 ж. 14 наурыз
4918
1
Қызылордада балалар суициді көбейіп кетті. Соңғы жылдары Қызылорда облысында жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары белең алып барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кейінгі екі жылдың өзінде мұндай жағдайлар екі есеге көбейген. Мәселен, 2012 жылы оң мен солын әлі тани қоймаған 11 жасөсіпірім бұл дүниеден баз кешкен. Арада бір жыл өткенде олардың саны 7-ге артып, бірден 18 оқиғаға көтерілген. Осыған орай өңірде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алу және оларды болдырмауға баса назар аударылып отыр. Мамандар қайтадан дайындықтан өткізіліп, аталмыш тақырыпта насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.
Мамандар жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептерін отбасы жағдайының тұрақсыздығы, ата-аналарының балаларына ешқандай мән бермеушілік, оқу орындарында балалармен психологиялық тұрғыда жұмыс жасалмауы, махаббат сезімі мен психикалық күйзелістермен байланыстырады. Сондай-ақ, суицидке барғандар жасөпірімдердің басым бөлігін 14-18 жастағы өрендер құрайды екен.
tengrinews.kz