Желтоқсан ардагерлері алаяқтыққа қарсы
2014 ж. 21 ақпан
3881
4
Баспасөз мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Президентіне
Қазақстан Республикасының
Ішкі-Істер министріне
Қазақстан Республикасының
Әділет министріне
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорына
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы сот төрағасына
АШЫҚ ХАТ
Өздеріңізге белгілі, 1986-жылғы Ұлт-азаттық желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастаушысы болды. Қазақ жастары ар-намыс пен елдік биік рух жолында әділеттілік пен теңдікті талап етіп, тоталитарлық жүйеге қарсы шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, құрбан болды. Осы қаңды көтерілістің артынан көп ұзамай Қазақстан Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық. Бүгінгі желтоқсан ардагерлері, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетіп, ұлттық-патриоттық бағытта өздерінің азаматтық ұстанымдарынан айныған емес. Алайда, жүрген жерінде айғай-шу шығарып, араға іріткі салумен ғана келе жатқан Республикалық «Желтоқсан-86 - Тәуелсіздік Қырандары» Халық Қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбаһрам Жүніс деген «желтоқсаншының» жақында шын бет-бейнесін анықтаған айғақ табылып отыр. Желтоқсан көтерілісіне ешқандай қатысы болмаса да, өз атына «саяси қуғын-сүргін көрген зардап шегуші» деген жалған құжат жасап алғаны аңықталды. Жалған құжаттар арқылы 1996-2013 жылдар аралығында мемлекеттік мекемелерді алдап, пәтерлер алған және ақшалай көмек алып отырған. Айтылған фактілер 2013 жылдын қараша айының 17 күнгі Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының №12751701100172 санды қылмыстық істерімен аңықталған. Гүлбаһрам Жүністін басқарып отырған ұйымы Республикалық «Желтоқсан-86 - Тәуелсіздік Қырандары» Халық Қаһармандары қозғалысының Жарғысы Қазақстан Республикасының Атазаңын және ҚР Қоғамдық Бірлестіктер заңын бұзғанын дәлелдеп отыр. Осыған орай ҚР Әділет министрлігінің тіркеу комитеті мен құққықтық көмек көрсету комитетінен Гүлбаһрам Жүністің басқарып отырған Республикалық «Желтоқсан-86 - Тәуелсіздік Қырандары» Халық Қаһармандары қозғалысының уақытша жұмысын тоқтатуын талап етеміз. Себебі жалған құжат арқылы мемлекеттік органдарды алдап алаяқтық жасағаны үшін ҚР Ішкі-Істер министрлігінен қылмыстық жауапкершілікке тартып, бұрыңғы қысқартылған істі қайта қозғауды және заң алдында қатаң түрде жауап беруін талап етеміз. ҚР Бас прокурорынан болып жатқан әділетсіздікті өз қадағалауына алуын және Жоғарғы соттан жалған құжаттар арқылы алған пәтерлері мен медальдарын, сот шешімі арқылы қайтарып алуды сұраймыз.Желтоқсан қоғамдық бірлестіктері ардагерлері атынан:
«ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағасы Бейсенғазы Нүкен
«Желтоқсан» Республикалық халықтық патриоттар қозғалысының төрағасы Қуанбаев Нұрлыбек
«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестік төрағасы Талғат Рысқұлбеков «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестік төрағасы Төлеген Әлжан
"Ұлы Желтоқсан" ҚБ төрайымы Гүлнар Лепесбаева
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы
12 ақпан 2014 жыл