Жігітті қарату үшін өзін-өзі ұрлатқан бойжеткеннің хикаясы
2014 ж. 05 ақпан
4624
3
2013 жылдың жаз айларында полиция бөлімшесіне 23 жастағы қала тұрғыны келіп өтініш түсірген.
Қылмыскерлер іздерін суытққаннан кейін жәбірленуші сол жерде тұрып ата-анасына қоңырау шалады, олар болса қыздарының құқық қорғау органдарына тездетіп өтініш жазуға үгіттейді.Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз біреулер оны Семейдегі Түйемойнақ аралына алып кетіп, денесіне зақым келтірген, оның жеке заттарын қолды қылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Белгісіз бұзақылардан зарддап шеккен қыз болса полицияға шағымдануға үзілді –кесілді қарсылық танытқан. Тергеушілер мәліметінде былай жазылған: "Жәбірленушінің сыртқы келбетінен соққыға жығылғандығы көрініп тұрды. Оның бет-бейнесі мен денесі бірнеше жерден жараланған". Алайда, тергеу барысында бойжеткенннің өзін-өзі ұрлағандығы анықталды. Өзіне жігіті мен ата-анасының назарын аудару үшін ол осындай қадамға барған. Анықталғандай, дәл сол күні қызы мен әкесінің арасында тұрмыстық түсінбеушіліктер болған. "Ойдан шығарылған оқиғалық сценарий барысында қыз сөмкесінен темір эмблеманы жұлып алып, өз денесіне өзі бірнеше жерден жарақат түсірген. Жанындағы досы джинсысы мен кофтасын жыртып беріп, оның арқасынан таяқпен ұруға көмектеседі. Ал қолды болған әмиян мен телефонды ол өзінің көмекшісіне бере салған", - деп мәлімдейді облыстық соттың баспасөз қызметі. Айта кетерлік тағы бір жәйт, тергеу барысында "ұрланған қыз" бірнеше күдіктілердің арасынан өзін жәбірлеген қылмыскерді танып қойыпты. Ол сот шешімімен жалған шағым түсіргені үшін айыпталып, 3 жылға шартты түрде сотталды.nur.kz