Құлдық санадан қалай құтыламыз?
2013 ж. 28 тамыз
2081
0
Қазақшасы жұтаң, орысшаға оңтайлы Қарағандыны келмеске кеткен кеңестік символиканың кәрі буып тұр. Мекемелер мен оқу орындары, тіпті, мәдениет сарайы маңдайшаларына «мініп алған» қызыл империяның белгі-нышаны әр жерден менмұндалайды. Бұл тәуелсіздігімізге – таңба, мемлекеттігімізге – нұқсан әрекет.
Мұндай сауатсыздыққа билік бейқам, ел енжар қарауда. Неге?
Ә л д е , қ а р а ғ а н д ы л ы қ қалың бұқара мен лауазымды тұлғалар кекірейген кер заманның таңба-нышандарын көрмей ме? Болмаса, қызыл империяның қоғамдық жүйесі қанына сіңісті болған бұрынғы парторкраттардың ықпалы ма? Ендеше, егемен елдің бір де бір депутатының осы мәселе төңірегінде билік тармақтарына сауал жолдамағаны қалай?..
Біреудің көлеңкесі – бодандықтың құрсауындағы теперішке әбден етіміз өліп, рухымыз сынып қалған сыңайлы. Өкінішке қарай, мұндай кеңестік заман сарқынша қ т арының Қа з а қ с т ан қалаларының қай-қайсынан да табылары анық.
Бірақ, біздің Қарағанды өзінің меймандарын көк Туын желбіретпей-ақ, КСРО белгісімен қарсы алады. Астана мен Теміртау жақтан қалымызға көлікпен кірген жолаушы бірден байқайды. Қалаға кіре беріс жолда алдыңыздан «Шахта Кировская» (дұрысы – Киров шахтасы ғой) деген батпан жазу шығады. Ұзын жолдың бойындағы көрнекі алаңқайға «Шахта Кировская» деп жазып, жанына қызыл жұлдызға таңылған орақ пен балға ілінген. Бұл кезінде кен орнының І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін алғанын білдіргенімен, көз алдыңызға кеңес дәуірініңелтаңбасын әкеледі.
Сонда бігінгі қазақ қоғамықандай үрдісті тұтынады: демократиялық құндылықтарды ма, әлде, қылышынан қан тамған тоталитарлық тәртіпті ме? Шақшадай басыңыз шарадай болып, төбе шашыңыз тік тұрады.
Көп ұзамай көшенің қақ ортасындағы Қарағанды политехникалық колледжінің маңдайшасынан тағы да кеңестік белгі көлбең қағады. Бұл жолы орден емес, кәдімгі советтік символ.
Бұл белгі Жаңа Майқұдықтағы Мәдениет сарайының маңдайшасында да тұр. Аспанмен таласқан тым биікте. Елтаңбамыздың орнын ауыстырыпты.
Бұл аз десеңіз, облыстық орыс тілді газет – «Индустриальная Караганданың» шекесінде де шіренеді, кеңес нышаны. Редакциядағылар: «Газетіміз «Еңбек қызыл ту орденімен» наградталған деген желеу айтады. Мұның өзі күллі қиянатшыл құрылымдары іріп-шірігендіктен бүгінде жер бетінен біржола жоғалған мемлекеттің «Еңбек қызыл ту ордені» емес пе? Яғни, мынадай әрекет – тәуелсіз Қазақстанның Ата заңын қасақана бұзу деп бағаланып, қатаң жазалануы керек.
Тіпті, аталмыш орденді кезінде орыс басылымымен қатар, «Орталық Қазақстан» газеті де алған болатын. Бірақ, бұл баслымның маңдайшасында жойылған мемлекеттің нышаны жоқ.
Тоталитарлық қоғам менотарлық сыңаржақ сананы – күйреген мемлекеттің иесі болған – орыс ұлты өкілдерінің аңсап-сағынатындығы түсінікті. Керек десеңіз, олар: «Тарих қой, өткенге қиянат жасауға болмайды» деген көкезу сылтауды да көлденең тартқысы келеді.
Олай болса, біздің бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы 300 жылдық күреске толы тарихы қайда? Аяулы азаттығымыздың абырой- беделіне түскен нұқсанға кім жауап береді?..
Зайырлы мемлекетіміздің з а ң д а р ы м ы н а д а й . Қ Р Конституциясының 2-бабының 1 және 2 тармағында «1. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деп айқын көрсетілген.
Б ұ ғ а н « Қ а з а қ с т а н Республикасының әкiмшiлiк- аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңын қосыңыз: «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай- ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта а т а у д ы ң және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібі» арнайы ережесінің 2-тармағында «Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи-географиялық ерекшелiктерiне негiзделгенбiрыңғай ономастикалық с а я с а т ы н ж ү з е г е а с ы ру жөнiндегi жұмыста осы Тәртiптi басшылыққа алады. Ол үшiн: Қазақстан Республикасында өткен кезеңде әртүрлi субъективтi жағдайлардың әсерiмен негiзсiз өзгертiлген тарихи-географиялық топонимдер бiртiндеп қалпына келтiрiлуi керек. Жаңа атаулар ұлттық, тiлдiк ерекшелiктер, сондай-ақ географиялық, тарихи, әлеуметтiк жағдайлар ескерiлiп барып берiлуге тиiс» делінген.
Ендеше, атаулы белгі-нышандар ата заңымызды қайшы келіп тұр. Сондықтан, кеңестің белгі-нышандарды тез арада жіне түгелімен бірін де қалдырмай, алып тастауға тиіспіз. Ол аз болса, қосымша қатаң жауапкершіліктер жүктейтін ресми заңдар шығарып, үзілді-кесілді тыйым салу керек. Мемлекеттік ономастика комиссиясының қызметінқайтар құру керек.Біз өзімізден жырақтап, өзгені ұлықтап жүргенде, Молдова, Польша, Литва, Эстония мемлекеттері «кеңестік символика тоталитарлық режимді насихаттайтынын» ескеріп, заң арқылы тыйым салып тастады.
Украина жұрты өре түрегеліп, Львов қаласының қалалық кеңесі: «9 мамыр – Жеңіс күнін тойлау кезінде ешбір жерде кеңестік символика қолданылмасын!» деген үндеу қабылда, арнайы заңмен бекітті.
«Қазаншының өз еркі – қайдан құлақ шығарса» дейтін мәтелді «басшылыққа алған» қарағандылықтар еркіндіктің – есерлік емес, демократияның – даңғазалық емес екендігі ескеріп, бейқам билікпен бірге отарлық сана, ойсыз қоғамнан айығуға ұмтылғаны абзал. Бұл жолда бізге бәтуәлі пікір, батыл қадам керек...
Бекжан БАҚЫТҰЛЫ