Өз баласын тұншықтырған ана
2013 ж. 21 тамыз
2047
1
Өскеменде 50 жастағы әйел алтыдағы баласын суға батырып өлтірмек болған. Полицияға қоңырау шалған 15 жасар жасөспірім бейтаныс әйелдің кішкентай баланы өлтірмекші болғанын байқағанын айтады. Жасөспірім дене түршіктіретін оқиғаны достарымен бірге шомылуға барған кезде көріпті. Ол әйелдің баланы шешіндіріп, суға батырып жібермек болғанын аңғарып, баланы құтқаруға асыққан. Содан соң құтқарушыларға, полиция мен «жедел жәрдемге» қоңырау шалған. Қазір әйел психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.