Маған ұнағаны Ерлан Қариннің биік деңгейде қазақ елінің ертеңіне алаңдауы - Талғат Теменов

Маған ұнағаны Ерлан Қариннің биік деңгейде қазақ елінің ертеңіне алаңдауы - Талғат Теменов

Өнер мен Руханият Мемлекеттің тынысы. Экономика даму үшін Саясатты Саяхат демеу үшін. Мәдениет пен Әдебиетке қолдау қажет. Қолпаштау керек. Әсіресе, кино мен театрға, бейнелеу өнеріне. Бүгін сол сәті түскен күн болды. Көптен көкейде жүрген біршама мәселені аспай-саспай 1 сағатқа жуық Мемлекеттік кеңесшімен сөйлесу сәті түсті. 

Шыны керек Ерлан Қарин өте қағылез, ақылды, ештеңені ұмытпайды. Есіктен кіргенде осыдан екі жыл болған әңгімені қағазға түрткен екен, көрсеткенде таң қалдым. Қазақша айтқанда "қыздың жиған жүгіндей"... Бәрі есінде. Бәрі орнында. Біз мәдениет, әдебиет, музыка, руханият жайлы сөйлестік. Қазіргідей әлемде экономикалык, саяси және қаржылық сипаттағы қалт-құлт еткен кезеңде еліміздің ертеңі не болады деген мәселе де айтылды. Гамлеттің сұрағы: "Быть или не Быть?". Әдейі аудармай тұрмын. Маған ұнағаны Ерлан Қариннің биік деңгейде қазақ елінің ертеңіне алаңдауы. Біз мәдениет, әдебиет, кино, сурет өнері, музыка және өнерге қызмет етер Жоғарғы оқу орындары жайлы пікір алыстық. 

Көңіл, шіркін, көкдөнен - шабасың да кетесің. Қазақ елінің ертеңі, руханияты жайлы әңгіме мен үшін ең керек те ғажап әлем. "Тыңдалмаған сөз жетім" деген тәмсіл бар. Менің ұққаным Қазақ елін үлкен мәдени, әдеби, рухани сәтті кезеңдер күтетін сияқты. Латын тілінде Ренессанс дейді. Қазақша айтқанда "жақсы сөз - жарым ырыс". Әумин! Қазаққа қазір резонанс емес Ренессанс керек.

Талғат Теменов,

ҚР Халық әртісі