Ақ халатты абзал жан
2024 ж. 19 қараша
399
0
Ақ халат киген мамандардың құрметке лайық. Иә, дәрігерлік мамандық-жауапкершілікті біліктілікті талап ететін жауапты қызмет.
Олар тәуліктің кез-келген уақытында уақытпен санаспайтын мамандық иесі.Шынын да олардың басым көпшлігі-нағыз қаһармандар.
Сондай жандардын бірі,өз ісінің майталманы,Алматы қаласындағы жедел шұғыл қызмет көрсету орталығындағы аурухананың урология бөлімінің жетекшісі жоғарғы санаттағы тәжірбиелі дәрігер,хирург-уролог Ғани Әміров.
Ғани Қондыбайұлы 1969 жылы 12 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы,Кеңес ауданында дүниеге келді,қарапайым отбасынан шыққан бозбала 1987 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп,сол Кеңестер Одағы кезіндегі әскери борышын өтеу үшін 2 жылға әскер қатарына алынады.Іщкі істер әскери бөлімінде 2 жылын абыроймен атқарып,туған еліне аман-есен оралады.
Уақыттың тез зымырап өте шығатынын сезінген алғыр бала уақытты босқа өткізбей өзінің бала күндегі арман-мақсатының бірі оқуға түсу еді.
Жастайынан білімге құштар,еңбекке жаны жақын Ғани 1990 жылы дәрігерлік жолды таңдау мақсатымен Қарағандыға жол тартады.Сол уақытта еліміздегі іргелі оқу орны саналатын-Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетіне құжат тапсырып сынақтардан сүрінбей өткен Ғани Қондыбайұлы студент атанып,бала күнінен арқалып жүрген арманына қол жеткізді.Ғанидың 3 әпкесі де-дәрігер,соның да әсері болдыма.Әйтеуір жүрегі медицинаны қалап тұрды.
Ал,Ғани 1996 жылы аталған институттың толық курсын аяқтап,алғашқы еңбек жолын Алматы облысы,Іле ауданындағы орталық ауруханада жалпы хирург бөлімінде дәрігер болып жұмысқа орналасады.
Арманшыл жас дәрігер емдеудің басқа саласында шеберлігін меңгеру қажет екеніне көз жеткізді.Қысқа мерзімді алты айлық курстан өтіп,медицинаның урологиялық қызмет көрсету мамандығын да игеріп,ендігі жер де,хируг-уролог болып қос саланы қатар жүргізе бастады.Көп кешікпей хирургия бөлім меңгершісі болды.Боралдай кентінде бас дәрігер орынбасары,Алматы облысындағы балалар клиникасында дәрігер-уролог болып жұмыс істеді.
Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын Ғани 2010 жылы Алматы қаласында жаңадан ашылған жедел шұғыл қызмет көрсету орталығындағы аурухананың урология бөліміне ауысып,қызметін ары қарай жалғастырды.
Ал,2011 жылдан бастап бүгінге дейін,осы аталған бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.Жоғарғы деңгейдегі білікті маман өмірінің 28 жылын осы урология саласына арнаған.Бір өзі осы уақыт аралығында үш мың адамға ота жасаған.
Жалпы,Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының тарихы тым әрі де жатыр.Дәлірек айтғанда 19 ғасырдың сонау 1896 жылдары Семеречье уезі кезіндегі Верный (қазіргі Алматы қаласында)ірге тасы қаланды.Ал,ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсанда №2636 қаулысы негізінде,қайта күрделі жөндеуден өткен.
Көбінесе урология бөліміне түсетіндер бүйрек тасымен простата оденома қуық асты безінің қабынуынаң зәр шықпай қалады.Басқа да себептері болады.Жастардан бастап 80-нен асқандар да осындай ауру түрімен жиі келіп жатады.Ота жасаған да эндоскопия әдісімен жасалады,канал не тесік арқылы кеспей.
Өмірдің қиын өткелдерінен шыңдалып өткен Ғани Әміров өз мамандығының нағыз кәсіби хас шеберіне айналды.Адал еңбек етіп,Гиппократ антын берік ұстаған халықтын алғысын алып,үлкен беделге ие.Оның бір дәлелі 2019 жылы денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен "Денсаулық ісінің үздігі"-мен марапатталса, 2020 жылы "Алтын дәрігер"төс белгісін кеудесіне тақты.Одан басқа да марапат алғыс хаттары жетерлік.Марапатқа масаттанбаған Ғани,бір сөзінде,"маған марапаттан бұрын менде емделген науқастардың алғыс ризашылығына ештеңке жетпейді",-дейді.
Иә,айтса айтқандай-ақ,міне дәру іздеп үміт пен күдіктін арасында жүргендер ауруханадан құлаң-таза айығып шыққандағы қуаныштарын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Оны тек қана басынан өткізгендер ғана біледі.Әрине,"Денсаулық зор байлық" екені белгілі.
Негізгі бұл аурухана да (ЖШЖК )бірнеше бөлімдер бар . Атап айтсақ,урология,хирургия,гинекология,нейрохирургия,
терепия,травматология және ортопедия,неврология,анестезкология және жан сақтау бөлімшесі.Токсикология,физиотерапия,сәуле диогностика,күндізгі станционар,фукционалды диагностика,инсульт орталығы,клиникалық диагностикалық зертхана,эдоскопия,удз,мрт,кт,экг,консультациялық диагностикалық бөлім,ота жасау т.б.
Аурухана күрделі оталар жасау үшін инновациялық жетістіктермен теңдесіз технологияларды пайдаланады.Негізгі бағыты дене мүшелерін сақтап қалу пациенттердің өмір сапасын сақтауға және одан кейін азайтуға мүмкіндік беретін операциялау жасау болып табылады.Диагностика және емдеу бойынша медициналық қызметтердін көптеген түрін кәсіби деңгейі жоғары әрі тәжірбиесі мол мамандарды,жеке қамқорлық пен ауруды жеке қарастыруды,барлық ем-шаралырдың қауіпсіздігін ұсынады.
Бүгін де осы урология бөлімінде барлық жағдайлар жасалған.Әр палатаға екі адамға арналған 25 төсек-орны бар.Жоғарғы сапалы медициналық қызмет көрсету,сонғы заманауи технологияларды қолдану арқылы және "ҚЖШККА" науқастарына барынша қолайлы жағдай жасау арқылы халықтың денсаулығын арттыру жұмысын іске асыруда.
Ал,урология бөлімінде жоғарғы санаттағы тәжірбиелі хирург-уролог дәрігерлер жұмыс істейді.Олар, Есенқұлов Бағлан,Хуров Тахир және Гасанов Рустам.Рустам тікелей Ғанидің шәкірті.Жалпы,Ғани 5-6 шәкірт дайындаған,олар қазір басқа ауруханада өз мамандықтарымен жұмыс істеп жүр.
-"Бүгін де осы емхана басшылығы дәрігерлердің біліктіліктерін жетілдіруге баса назар аударып отыр.Қызметкерлерге тақырыптық циклде оқуға барлық жағдай жасалған",-дейді Ғани Қондыбайұлы.Осы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері туралы өз ойын былайша сабақтады.
-"Осындай үлкен ұжымды басқарып келе жатқанына 8 жылдан астам бас дәрігеріміз Джувашев Алмаз Болатұлы,ол-өз ісінің нағыз маманы,тәжірбиелі дәрігер әрі білікті басшы.Өзіндік тәжірбиесін өзгелермен бөлісіп,соңынан еріп келе жатқан жас мамандарға жол сілтеп жүреді.Медицина саласына айтарлықты үлес қосып,білімі мен ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін дәрігердін біліктілігі бір төбе болса,адами жақсы қасиеттері бір төбе.
Аурухана басшысы дәрігерлердің жақсы жұмыс істеуіне оң ықпалын тигізу үшін түрлі деңгейдегі көмегін аямайды.Бұл аурухана да жұмыс істейтін дәрігер мамандарға қолайлы жағдай жасалған.Мысалы,мұнда қызметкерлерге бірқатар әлеуметтік қолдаулар мен жеңілдіктер қарастырылған",-деп өз ойын аяқтады.
Әңгімеміздің соңында Ғани туралы айтсақ жолдасы Айгүл екеуі 3 ұл,1қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.Айгүлдің де мамандығы дәрігер.Облыстық ауруханада көз дәрігерінің меңгерушісі.Үлкен ұлы Қуат Асфендяров атындағы медициналық университетінің емдеу бөлімінің төртінші курс студенті.Дәулет мал дәрігері,Ерасыл Назарбаев атындағы мектебінде оқиды.Шырын алтыншы сыныпта.
Иә,үлгілі отбасының үлгісі Ғани мен Айгүл ге қиндығы мен машақаты көп дәрігерлік қызметін мүлтіксіз орындап,халықтын алғысына бөлініп жүрген ақ халатты абзал жандарға мерейі әрқашан үстем болсын деп тілек білдіреміз.
Әбділдәбек Жанатов
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі