ІРІ - ҰСАҚТАЛА АЛМАЙДЫ!
2024 ж. 25 тамыз
1218
0
Кісілік қалды ғой, қазір... Әйтпесе, қай қазақ әкесіндей еркекке аузына келгенін айтып, анасындай әйелге әдепсіздік көрсетіп еді?!.
Қазақ әнінің патшасы Шәмші Қалдаяқовқа «...Кейде сенің әніңе елтігенде,
Сөйлесемін Анаммен ерте кеткен…» - деп, жыр арнаған қазақтың көрнекті ақыны Қазыбек ағамызға да жақсының балағына жармасуды жұмысына айналдырған, кім сүйек тастаса, соның айтағына шаба жөнелетін біреу шәуілдепті тағы да…
Қазақтың жоғалтқаны да, оралтқаны да көп. Осы ортада, алтын белде - Ана тіліміз бар. Қазақ тілін қорғаған қылышты аз болмағанымен, қаһарманы үшеу-ақ: Өзбекәлі Жәнібек, Мұхтар Шахан, Қазыбек Иса.
Менің білетінім: осы үш тұлға - қазақтың орысқұлдары мен Кремльдің қара тізіміне ілінген ірілер. Енді сол пілдердің табанына - тышқандар өрмелеп жатыр!
Неткен бейшаралық!
Қазыбек Иса сияқты нағыз қазақ, нағыз ұлтшыл, нағыз ақын ғана:
1. «...Оралғанмен мектепке, оралар ма,
Қайран менің кіршіксіз тазалығым…»,
2. «...Бұл тірліктің есебі күрделі екен,
Оқушының ең қиын есебінен…»,
3. «...Көктем едік, бәріміз гүл едік-ау,
Кетпейікші айналып тікенекке…»
немесе
«Жасыра алар өмірдің кім шындығын,
Қадіріңді қайдан ел білсін бұрын…
Ескерусіз, елеусіз жүрген жерде,
Ескерткіш боп еңселі тұрсын бүгін…» - деп (Шәмші жайлы өлеңінде) жаза алады...
«Ит - үруге тоймайды, керуен - көшуін қоймайды», іріні - ешкім ұсақтай алмайды!
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
Фейсбук парақшасынан