ЕЛІМ ДЕП ТУҒАН ЕР ЕДІ

ЕЛІМ ДЕП ТУҒАН ЕР ЕДІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, әскери-ұшқыш Нүркен Әбдіровтың туғанына 105 жыл толуына орай, Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық орталық кітапханасымен «Елім деп туған ер еді» тақырыбында телекөпір өтті.

Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Нүркен, бұрынғы Жәмші ауоылдық аумағынан екі шақырымдай жерде, Қаратал ауылы маңындағы Тезекбай тауының нтегінде дүниеге келген. 1929 жылы Қарағанды көмір өндірісі ашылып, жұмыс орындарының көбейуіне байланысты Нүркен ата анасымен Қарағанды қаласына аударып, қалада білімін жетілдіреді. 1935 жылы Жамбыл атындағы 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін 18-шахтаның кітапханасына қызметке орналасады. Сонда қызмет атқара жүріп 1937 жылы Мәскеудің кітапхана қызметкерлерін дайындайтын техникумын бітіреді.1939 жылы Қарағанды ұшқыштар клубының оқуын бітіріп, ұшқыш мамандығын меңгереді. Соғыс басталғанда ол ұшқыш ретінде соғысқа аттанды. Отан алдындағы борышын адал атқарды. Батырдың сүйегі Ростов облысындағы Боков стансасы маңындағы Коньки деген хутордың іргесіне, бауырластар зиратына жерленген. Алпысыншы жылдары бауырластар зиратының басына қызыл граниттен ескерткіш қойылған. Нүркен Әбдіровке неміс басқыншыларына қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атағы берілді.