ТҮРКІСТАН: АРЫС МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
2024 ж. 07 тамыз
432
0
Теміржол саласының әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше екені белгілі. Олар бұрын да қалаларды бір-бірімен байланыстыратын басты транспорт түрі болған, әлі де солай қызмет атқарып келеді.
Арыс қаласының музейінде теміржолшылар күніне орай «Танымал теміржолшылар» тақырыбында осы салада еңбегі сіңген, музей жанашырлары болған сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Арыс қаласының тарихы теміржол құрылысымен тікелей байланысты. 1900 жылы құрылысы басталып, 1904 жылы Арыс стансасы салынды. 1928 жылы 17 қаңтарда Шымкент уезінен бөлініп, өз алдына аудан болып отау тікті. Алғашында шағын ғана станса ретінде құрылған Арыс 1956 жылы қала мәртебесіне ие болды. 1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып құрылып, қаланы басқару Арыс қаласының әкімдігіне өтті. Теміржол саласына еңбегі сіңген 4 еңбек ері шыққан. Олар С.Байжанов. К.Мұхамеджанов, Ә.Салықбаев, Ә.Балғынбеков еді.