ОҢДАСЫНОВТАЙ ОҒЛАН ҚАЙДА БҮГІН?!

ОҢДАСЫНОВТАЙ ОҒЛАН ҚАЙДА БҮГІН?!

Нұртас Оңдасынов - 120 жыл 

ЖОҚТАУШЫҢ БОЛМАСА – ЖОҚСЫҢ...

...2013-жылы наурыз айында «Абай.кз» сайты мен бірнеше апталық бетінде «Алпамыстай батыры бар, Қоңыратым, саған қапамын!» деген мақаламыз шықты. Онда біз тілінің шұрайлылығы жағынан теңдесі жоқ

«Алпамыс батыр» жырымыздан айдың-күннің аманында айры- лып қалғанымыз жайлы (өзбек Үкіметі 1999 жылы ЮНЕСКО- ның: «Алпамыс батыр» дастаны – өзбек халқының ұлттық эпосы» деген шешімін шығартып алды), одан да бұрын бүкіл елімізде Алпамыс батыр атында бір де бір елдімекен, ол тұрмақ бір де бір көше, мектеп, тіпті бала бақша жоқ екендігін күйіне қозғаған- тұғынбыз. Ал, мысалы, Қабанбай батырға қойылған еліміздегі ес- керткіш саны 14 екен. Солардың біреуі Шымкентте, біреуі Түркіс- танда. Содан кейін сең жүр- гендей болып, Шымкент және Жетісай қалаларында еңселі екі ескерткіш бой көтерген еді...

Бірақ, «сүтпен енген мінез сүйекпен кетеді» екен: қазақ өзінің алауыздық, көре алмаушылық секілді тағы бір «жұлын құртынан» – қолдағы барын ба- ғалай алмаудан арыла алар емес. Тіпті өзбектің еттен өтіп, сүйек- ке жететін: «Құдай таланттарды қазаққа берген, қадырын бізге берген» деген әския сөзі де біздің есімізді жиғызар емес...

2004 жыл, екі ұлы қазақтың – Әлкей Марғұлан мен Нұртас Оңдасыновтың–жүз жылдық мерейтой жылы еді. Бірақ, қа- зақты тірі кезінде керек етпейтін біздің билік өлі жақсыларын қайтсін, «бір өзі бір академия» (М.Әуезов) ғұлама ғалымның да, теңдессіз мемлекет қайрат- керінің де юбилейін жетім қыз- дың тойындай етіп, екі облыс көлемінде өткізді де қойды. Қа- зақ дұрыс айтады, өз кіндігіңнен туған ұрпағың немесе өз руыңнан шынайы жоқтаушың шықпаса, біттің, «өлдің – өштің». Бұл біздің бүгінгі өміріміздің удай ащы ақиқаты. Ал, Әлекеңнен жалғыз қыз қалған, Нұрекеңнен екі ұл болғанмен, шешеге тартып, орысқа айналып кеткендер. Егер Нұрекең ұлдары мықты кәсіпкер болып, Алматыдағы, Астанадағы пәтерге, қос-қос джипке бәйге жарияласыншы, ақын-жазушы біткен қырылып қала жаздар еді. Мен осы ойым- ды кейін Шардарадағы Оңдасы- новқа ескерткіш қоюға арналған жиынның қонақасында айттым. Ақын Темірбек Медетбеков бас- таған Жетімдердің, қалың қоңыраттың қабырғалы руының біраз жақсылары отыр еді...

Сол кезде журналистикаға енді келген мен өзім екі асыл жайды да «Жалында» көлемді екі мақала бердім. Екіншісін «Осы жұрт Ер Нұртасты біле ме екен?» деп атадым. Шынында да, қалың қазақ Оңдасыновтың кім екенін бүгін де біле бермейді, себебі ұрдажық Хрущев 1962 жылы Гурьев обкомының (Маңғыстау бөлінбеген кез) бірінші хатшы- лығынан 58 жасында зейнетке шығарып жіберген соң, жарты жыл бойы қызметке орналаса алмағаннан кейін Мәскеуге, қайын жұртына көшіп кетуге мәжбүр болған Нұрекеңнің өмірінің соңғы жағы құсалықта өтті. Ендеше, есіл ердің өлшеусіз еңбегін еске түсірейік...


ОҢДАСЫНОВТЫҢ ЕСЕПСІЗ ЕРЛІК ІСТЕРІ


Шын мәнінде де, 33 жасында Қазақстан орман шаруашылығы тресінің басшылығынан Шығыс Қазақстан облаткомының төрағалығына, 1938 жылы 34 жасында Қазақстан Халық Ко- миссарлар Кеңесінің төрағалы- ғына келіп, тапжылмай 13 жыл қызмет атқарған Оңдасыновтың әрбір оңды ісі ерлікке пара-пар. Басқа адам болса, Мойынты-Шу темір жолын салғаны үшін ғана аты тарихқа алтын әріптермен жазылар еді. Н.Оңдасыновтың бірінші ерлігі – үкіметке келген бойда шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училищелер, барлық облыс орталық- тарында Мұғалімдер институ- тын ашып, бір жылда қазақтың сауаттылық деңгейін 76,5%-ға көтерді Ал, бұл жайлы көп адам білмейді...

Н.Оңдасыновтың екінші ерлігі – мал шаруашылығы- на жаңа жүйе енгізеді, оны екі жылға салықтан, ет, сүт тапсыру міндетінен босаттырады, кол- хоздарға мемлекет тарапынан қарызға қаражат беріліп, ол жаңа техника алуға және мал санын көбейтуге жұмсалады. Үш жылдың ішінде жаңа 22 мыңнан аса мал фермасы құ- рылады. Сонымен қатар бидай, күріш, күнбағыс, картоп егетін егістік көлемі де ұлғаяды. Осы ерен еңбегі-ерлігі үшін Н.Д.Оңдасынов өзінің алғашқы үлкен наградасы – Ленин орденімен марапатталды. Ал, бірден Ленин орденін алу, ол заманда өте сирек кездесетін оқиға. Жалпы, 13 жыл ішінде ол Қазақстанды КСРО-да Ресей мен Украинадан кейінгі ірі мал шаруашылығы мен астық базасына айналды- рады. Бұл да қалың көпшілікке беймәлім шаруа.

Оңдасынов сондай-ақ Гурь- ев облысын басқарған жылдары Маңғыстауда алғаш рет тал-терек, жеміс ағаштарын, көкөніс ектірген, облыс оған деген қажетін өзі өтей алатын еткен болатын. Облыстағы мал басын сегіз жылда төрт есеге дейін өсіргені тағы бар. Оңдасынов кеткеннен кейін бірақ ол істің бәрі баяғы таз кепешін қайта киеді...

Оңдасынов республикада бірінші болып суармалы жер көлемін көбейтуді қолға алды, Қызылқұм өңірін суландыруды мәселе қылып көтерді. Соғысқа дейін, кейбірі одан кейін жос- парланған Ертіс-Қарағанды ка- налы, Арыс-Түркістан каналы, Бөген су қоймасы, Шардара су 

қоймасын салу 1960-жылдары барып іске асты.

1939-жылы ол ұсынған Қандыағаш-Гурьев, Мойынты- Шу темір жолының біріншісі майданға жұмыс істеп үлгерсе, екіншісі жеңістен кейін қолға алынды. Ең қызығы, «қаржы жоқ» деп Сталин қарсы болғанда, «қаржыңыз керек емес, рұқ- сат берсеңіз болды» дейді. Сталин таң қалып, «қаржысыз қалай салмақсың?» дегенде: «Асармен» саламыз» деп жауап береді. Ста- лин сонда да: «Бастауың үшін» деп 6 млн.сом бөледі. Үш жыл бойы сәуірден қарашаға дейінгі тауды бұзып, тасты жарған ты- нымсыз еңбектің арқасында мүмкін емес нәрсе мүмкін болады...

Жалпы, Оңдасыновтың тұсында бұл айтылғандардан бөлек Қандағаш – Ор, Ақмола – Павлодар, Өскемен – Зырян темір жолдары салынады. Жол құрылысына тек қазақ жігіттерін ғана қатыстырып 16 мың адамды жұмыспен қамтыған.

Көмірлі Қарағандының қасынан Қазақ металлургия ком- бинатын салудың бастауында тұрған да Оңдасынов еді. Металлургтар тұратын Самарқан қыстағын қалаға айналдырғанда, оның атын Мәскеудегі министр Тевосян екеуі ақылдасып қояды.

«Сөйтіп, Теміртаудың «темірі» Тевосяндікі, «тауы» менікі болып, жаңа қаланың аты қойылды» деп жазады Нұрекең өз естелігінде.

1941 жылғы шілденің орта- сынан Қазақстанға қоныс ау- дарған адамдардың саны 386 мыңға жетеді. Халықпен бірге 142 зауыт, фабрика да келеді. Көшіп келгендердің үштен бірі қалаларға, ірі өнеркәсіп орта- лықтарына жайғасты. Республи- каға 149 жетім балалар үйі қоныс аударады. Оңдасынов шамасы келгенінше зауыт-фабрикаларды республикаға көбірек тартуға тырысқан. Өйткені, соғыс біткен соң жұмысшылардың көбі еліне қайтатынын, ал зауыт-фабрикалар осында қалып, қазақ халқының ның иглігіне жұмыс істейтінін жақсы білген.

Соғыс кезінде Өзбекстанға көшкелі тұрған «Мосфильм» мен

«Ленфильмге» Үкімет тарапынан қолдау білдіріп, Қазақстанға әкеліп алған. Міне, соның арқасында бүгінгі «Қазақфильмнің» негізі қаланған.

Дәл сол соғыс жылдарында Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Шымкент химия-техно- логиялық институты құрылады. Әуелі құрылыс материалдары институты болып ашылған ол көп ұзамай түрлі себеппен жабы- лып қалғанда, Сталинге шығып жүріп, оны қайтадан аштырған да Нұртас атамыз болатын.

Ал, соғыс қайнап жатқан шақта әлемнің бір де бір елінде жоқ мемлекеттік педагогикалық қыздар институтының ашылуы да өз алдына бөлек тарих. Бұл жерде де Оңдасыновтың біліктілігі, парасаттылығы, та- бандылығы өз жемісін берді.

Дәл сол соғыс жылдарында Қазақ опера және балет театры- ның құрылысы аяқталды. Айтуға ғана оңай...

ОҢДАСЫНОВТЫҢ ҮШ ӨКІНІШІ, БІР ӨСИЕТІ

«Сол кезде ел қорғаған Абылайдың, Қанша тәу етсең де аз моласына!»

Мағжан

Нұртас атамыздай шәкіртке бай басшы қазақ тарихында кем де кем. Ол кісінің Гурьев облысын басқарған кездегі (екі жыл облатком төрағасы, бес жыл обкомның бірінші хатшы- сы) тәрбиелеп шығарған, С.Құбашев, С.Мұқашев бастаған З.Қамалиденов, Ж.Таңқыбаев, Ғ.Сағымбаев, т.б. республика- ға, Р.Өтесінов, Х.Өзбекғалиев, т.б. облыстық деңгейге көтерді. Жалпы, Атырау мен Маңғыс- тау елі Оңдасыновтың алдында ешқашан өтей алмайтындай борышкер деуге әбден болады.

Мәселе, Оңдасыновтың сырттан бір де бір маман шақырма- ғанында емес. Мәселе, Оңдасыновтың Атырау-Маңғыстау өлкесінің Қайта өрлеу дәуірін жасап бергендігінде! Хрущевтің «мұнаймен айналыспа!» дегенін тыңдамай, Гурьевте Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай-химия институтының филиалын ашып, мұнайдың өз мамандарын даярлғанында. «Маңғыс- таумұнайбарлау» секілді тресттер ашып, 1959 жыл мұнайды зерттеуді дамыту үшін Одақтық ғылыми конференция өткізіп, ақыры 1961 жылы Жетібай мен Өзенде мұнай кенін ашқанында. Өлкенің даму бағытын мүлде басқа, заманға сай арнаға бұрып жібере алғанында. Дамитын өлке үшін ұлутас секілді ауадай қажет құрылыс затының өндірісін жолға қойып беріп кеткендігінде.

Рас, сол үшін ұрдажық Хрущев республикалық жиында «Тюмень бар, мұнайға жолама!» дегенімді, «темірбетон бар, ұлутасқа жолама!» дегенімді тыңдамадың» деп, ел алдында жер-жебіріне жетіп, мерзімінен екі жыл бұрын зейнетке шығарып жіберді...

Кәзір Атырау-Маңғыстауда Оңдасыновтың көзін көрген ардагерлер қалмауға айналды. Бүгінгі ұрпақ оны білмейді. Білсе деген оймен осы мақаланы жазып отырмыз. 

Бірақ, бұл – аз! Мағжан ақын айтқандай, біз ондай ерлерді қанша ардақтасақ та көптік етпейді. Ал, әзірге біз ардақтауды тиісті деңгейіне жетізбек түгілі, маңайлата да алмай жатырмыз. Ол үшін не істеуіміз қажет?

1. Оңдасыновтан қалған екі немере бар, «қазақ болсам» деп жүрген. Біреуінің аты – Нұртас. Ана бір жылы Алматы, Шымкентке келіп еді, ағайын-туған ия жұмыс тауып беруге, ия үй тауып беруге, аға, әке болып, баурына тартуға жарамады. Нұртастың қазақ қызға үйленсем деген ойы болды. Кәзір өзінен кіші бір інісі, ол да бойдақ дейді, екеуінің Мәскеуден тұрып жатқан жайы бар екен. Соларды шығыл елге әкелу керек. Жұмысқа тұрғызу, үйлендіру қажет. Ары қарай өз арбаларын өздері сүйреп кетеді.

2. Оңдасынов жайлы бірнеше кітаптың, естеліктердің авторы, журналист, жазушы, ұлы адамның аманатына адал Гүлсім Оразалиеваға көп сериялы телефильмге сценарий жаздыру керек-тағы, ол тіпті дайын десек те болады, телефильмді түсіруге кірісе беру керек. Кәзір біреулер Г.Оразалиеваны айналып өтіп кетіп, Нұрекеңнің 125-жылдығына қарсы өзіміз түсіреміз деп жүргендер бар екен. Ондай «ақша істегіштерді» бұндай қасиетті адам жайлы дүниеге жолатуға болмайды. Шын жанашырлардан қоғамдық Көркемдік Кеңес құрып, сол көркемдік кеңес кім қандай рөл ойнайды, соны асықпай іріктеуге кіріссе. Өз басым Нұрекеңнің рөліне Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әртіс Әділ Ахметовті ұсынамын. Бойы, сойы, түрі, түсі, ісі, барлық жағынан сай. Сұранып тұр.

Сонда ғана біз қазаққа Қаныш Сәтпаевтай теңдессіз Тұлғаны, Хакімжан Наурызбаевтай дара Дарынды әкелген Алыптың алдындағы борышымызды сәл де болса өтейміз...

Өмірзақ Ақжігіт