ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ӘУЛЕТ
2024 ж. 27 шілде
746
0
Қашанда қоғамда еңбек адамы жоғары бағаланады. Елімізде белгілі бір мамандыққа бүкіл өмірін арнаған тұтас бір әулеттер жетерлік. Солардың бірі Сейфоллиндер әулеті. Осыған орай Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №3 ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейфоллин Қайсар Рымғалиұлын сұхбаттасқан едік.
- Ұстаздық ең қиын мамандықтың бірі саналады. Өзіңіздің мұғалімдік жолды таңдауыңызға не себеп болды?
- Ес білгелі мектепте өстік десе де болады, өзімнің атам, апам, нағашы атам, анам және көптеген туыстарымыз білім саласында қызмет еткендіктен мектеп бізге - екінші үй болды.
Және де қоғамға әркім өз үлесін қолынан келгенде қосады ғой, артымнан ерген ұрпақтың салауатты-сау болуына кішкене болсын себепкер болғым келді.
- Өзіңіз бүгінде Ақмола облысында оқу-ағарту саласында қызмет етудесіз. Жалпы, өңірдегі білім беру деңгейі қандай?
- Жалпы Ақмола облысында білім деңгейі мынандай деп кесіп айту қиын. Басқа да өңірлер сияқты кемшілігі мен артықшығы қатар, даму үстінде десек болады.
- Өзіңіздің анаңыз да өмірін мектепке, оқушы тәрбиелеуге, ұстаздыққа арнаған жан екен. "Ана көрген тон пішер" дейді. Былайша айтқанда, сіздер бір мамандықты кәсіп еткен үлкен әулетсіздер. Сіздің ұстаз болуымызға анаңыздың еңбек жолы әсер етті ме?
- Әлбетте, анамның еңбек жолы әсер етті. Себебі ол кісі менің 5-11 сынып аралығында сынып жетекшім болды. Мектеп бітіргеніме 20 жылдан асса да, ол кісінің әр оқушыға бастап берген жолы әлі жадымызда. Және басты себеп бала кезімнен атаммен бірге мектепте көп уақыт өткізгенім деп білемін.
- Мұғалімдердің әлеуметтік статусы туралы не айтасыз?
- Жыл сайын бұл тақырыпты қуантарлық жаңалықтар естудеміз. Дегенмен де мұғалімнің ата-ана алдындағы статусы әлі төмен деп білетін. “Ұстаз- ұлы есім” екенін дұрыс қалыптастыра білу керекпіз деп санаймын. Ол үшін әрине әр ұстаз өз жан-жақты шыңдап, даму үсінде болу керек.
- Білім беру саласында қандай оң өзгерістер орын алуда?
- Бізге әлі де нық, нәтижесі мол өзгерістер қажет деп ойлаймын.
- Ұстаздық жолды таңдаған жас мамандарға қандай кеңес бересіз?
- Ештеңеден қорықпаңыздар! Шыдамды болыңыздар. Заманға сай батыл қадамдар жасауға талпыныңыздар!
Қазақ үні