Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді
2024 ж. 27 маусым
501
0
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесі Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы: Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз", - деп зор ілтипат білдірді.
Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет ететінін, ел тағдырын шешуге атсалысатынын айтты. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес. Қазір де солай.
Мемлекет басшысы журналистердің қоғамдық пікірді қалыптастыруда, қоғамдық этиканы нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. "Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әлихан Бөкейхан «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойған. Бұл – бүкіл ақпарат саласына ортақ тұжырым. Жалпы, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады", - деп ерекше сенім артты.
Баршаңызға белгілі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Мемлекет басшысы жалпыға ортақ ұлттық құндылықтарды айқындап берген болатын.
Олар:
Тәуелсіздік пен отаншылдық,
Бірлік пен ынтымақ,
Әділдік және жауапкершілік,
Заң және Тәртіп,
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік,
Жасампаздық және жаңашылдық.
Президент осы құндылықтарды қоғам санасына насихаттап, сіңіруде журналистерге де үлкен сенім артылатындығына тоқтала келе, қазақ журналистикасы жоғары талаптар мен адалдықты сақтап, одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Жұлдыз Сүлейменова,
Фейсбук парақшасынан