ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ – ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒАЛЫМДЫҚ ТҰЛҒАСЫ
2024 ж. 22 сәуір
311
0
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен №12 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен академик, геолог және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қаныш Сәтбаевтың – ғылымдағы ғалымдық тұлғасы» атты танымдық сағаты өтті.
Іс-шараға тарих ғылымдарының кандидаты Б.Адырбек және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Р.Нарымбетова спикер болып, тыңдарманға тұлғатаным ақпаратын жеткізді.
Оқушылар Сәтбаевтануға арнаған өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын қорғап, ғалымның өнегесі мен тұлғасына арнаған жүрек жарды өлеңдерін оқыды.