ІСКЕР КІТАПХАНАШЫ

ІСКЕР КІТАПХАНАШЫ

Кітапхананың абыройы білікті кітапханашының қолында. Бұл тұрғыдан қарағанда Ақтоғай аудандық кітапханасының қызметкерлері қандай мақтауға да лайық. Солардың бірі 20 жылдан астам еңбек өтілімі бар, өз кәсібіне адал жан – Асамбаева Гүлмира. Гүлмира Тохтарқызы алғашқы еңбек жолын аудандық балалар кітапхананасында кітапханашы болып бастады. Ол кезде ол 1987 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) қаласының мәдени ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман еді. Жаңа ұжымға алғаш кіргеннен бастап жанына жайлылық ұялатқан осы жер өзі үшін қасиетті мекенге айналды. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды бастауыш сынып мұғалім мамандығы бойынша аяқтап, аудан орталығында орналасқан Абай атындағы орта мектепке шәкірт тәрбиелеу ісіне араласты. 2012 жылдың сәуір айынан бастап қайтадан Ақтоғай орталық кітапхана жүйесіне кітапханашы ретінде қабылданды. 

Әр түрлі қызметтік баспалдақтардан өтіп, библиограф, балалар кітапханашысының кітапханашысы, балалармен жұмыс істеу әдіскері болып жұмыс атқарды. Бүгінде Г.Асамбаева аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі ретінде еңбек етуде. Еңбегінің ел кәдесіне жарағанын сезіну кітапханашы үшін үлкен бақыт. Кітапхана саласында қоғамдық өмірге белсене қатысады, бітім болмысынан, кейіп-келбетінен білімдік пен парасаттылық нышаны сезінеді. Гүлмира Тохтарқызы – жұмыс барысында өз әріптестері мен оқырмандары арасында үлкен беделге ие. 

Жас мамандарды тәрбиелеудегі тәлімгер ретінде іс-тәжірибесімен бөлісіп, бағыт- бағдар көрсетіп, кітапханадағы РАБИС бағдарламасын жетік меңгеріп, көпшілік іс-шараларды, кездесу кештерін, қызықты да мазмұнды өткізеді. Кітапхана ісінде өзінің талмай ізденімпаздығының, өзіне талап қоя білетіндігінің нәтижесінде деңгейі жоғары, рухы биік маман екенін дәлелдей білді. 

Оралхан АХМАДИЯ,

Қазақ үні