«Ақ жол»: Облыстар мен қалалардың әкімдері билік партиясынан шығуы және бір мерзімге ғана тағайындалуы тиіс
2023 ж. 07 ақпан
1048
0
Облыстар мен қалалардың әкімдері билік партиясынан шығуы және бір мерзімге ғана тағайындалуы тиіс. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Ерлік Өмірғали жариялады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А.Ә. Смайыловқа
Өткен жылдардағы мемлекеттің түйткілді мәселелерінің бірі экономиканың ғана емес, саясаттың да монополияланғаны болды. Экономикалық дағдарыстар, шағын және орта бизнестің күйреуі, девальвация орын алса да, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық қаншалықты ұлғайса да, әділеттілік орнамаса да, әкімдермен және министрлермен сыбайлас жемқорлық жанжалдары орын алса да - ескі Қазақстанның барлық 30 жылында осы әкімдер мен министрлердің бір партиясы – «Нұр Отан» партиясы билікті монополиялап, сайлауды бұрмалап отырды.
Президент Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысының саяси партияда болуына және әкімдерге билік партиясының жергілікті филиалдарын басқаруға тыйым салудан бастап, әр түрлі парламенттік партиялардың Үкімет құрамына қатысуы туралы бірқатар конституциялық бастамалары сол тәжірибеге қарсы бағытталды.
Бұл бағыттың табиғи дамуы Мемлекет басшысының бір реттік каденциясын (сайлау құқығын) енгізу болды. Айта кету керек, Конституцияның аталған өзгерістері қоғамда үлкен қызығушылық тудырды, азаматтар бұл новеллаларды белсенді талқылап, қолдап отырды.
Сайлаушылар Президенттің саяси партияға мүше болуына тыйым салуды жақын серіктеріне ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына қызмет ету міндеті ретінде қабылдады. Бұл жаңа саяси мәдениет, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейі.
Сонымен қатар, қоғам облыстар мен қалалар деңгейінде қолында айтарлықтай билік шоғырланған әкімдерге де осындай тәсілдерді қолдану туралы әділ талаптарын білдіруде.
Бұл әкімдердің партия филиалдарына жетекшілік етуіне тыйым салу ғана емес, сонымен қатар қызмет атқару мерзіміне партиядан шығуға (Президентке ұқсас); сондай-ақ президенттік мерзімнен аз болуы тиіс біржолғы максималды мерзімді анықтауға қатысты
Айта кету керек, «Ақ жол» фракциясы бірнеше жыл бойы аталған нормаларды тиісті заңдарға ұсынып келеді.
Алайда бұл ұсыныстар мемлекеттік органдар мен билік партиясв тарапынан үнемі қарсылыққа ұшырайды.
Тіпті, өткен жылдың өзінде Конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі заң жобасын және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын қараған кезде «Ақ жол» фракциясы 60-тан астам ұсыныс енгізген болатын, оның ішінде әкімдерге саяси партиялардағы лауазымдарды атқаруға ғана емес, сонымен қатар өз міндеттерін орындау кезеңінде партиялардың құрамына кіруге тыйым салуға Үкімет пен басқа фракциялардағы әріптестер қарсылық білдіріп, қабылдауға жол бермеді.
Әкімдер де Мемлекет басшысы сияқты өздерінің жақын серіктеріне немесе пікірлестер командасына ғана емес, өз аймағының/қаласының барлық азаматтарына қызмет етуі керек деп есептейміз. Кез келген сайлауды ұйымдастыруда әкімдердің атқарған рөлін, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің өткен жылдар бойы билікте «Нұр Отан» партиясының мүшелері болғанын (және осы қызметте бұл партияның барлық сайлаудағы күмәнді нәтижелеріне ықпал еткенін) ескере отырып, әкімдердің партиядан шығуы туралы ұсыныстар негізді болып көрінеді және конституциялық реформаның рухына сәйкес келеді деп санаймыз.
Сонымен қатар, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, әкімдер президенттің өңірлердегі өкілдері болып табылады. Заңды коллизия туындайды: өзіне партияға мүше болуға тыйым салынған адамның өкілдері қалай партия мүшесі бола алады? Олардың мәртебесі Президенттен жоғары ма?
Баяндалғанның негізінде «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Үкіметке нормаларға бастамашылық жасауды ұсынады:
1) облыстар мен қалалар әкімдерінің сол лауазым қызметінде болған сәтінде, олардың саяси партияларға мүше болуына тыйым салу;
2) облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмысына біржолғы 5 жыл мерзім белгілеу;
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының баспасөз қызметі
18 қаңтар