ЗАҢСЫЗ КӨТЕРІЛГЕН ТАРИФТЕР ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛСІН
2022 ж. 29 желтоқсан
1417
0
Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» кәсіпкерлерге көлік сервис орталығының 12 есеге заңсыз көтерген тарифтерін өтеуді талап етті. Фракцияның депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялады.
Премьер-министрге
Бас прокурорға
2017 жылдан бері «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы темір жол саласындағы жеке кәсіпорындардың құқықтарын «КСО» АҚ және осыған ұқсас құрылымдар тектес олигополиялардан қорғау мақсатында бірқатар депутаттық сауалдар жолдады.
Өкінішке орай, осы жылдар бойы олигархтар мен теміржол мафиясының заңсыздық, адал бизнесті рейдерлік басып алу және құлдыққа айналдыру туралы бизнес сигналдарына мемлекеттік органдардың берген жауаптары – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы мен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылғанына қарамастан, шенеуніктердің кәсіпкерлердің мәселелеріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді деп айтуға мәжбүрміз.
Комиссияның бүгінде бизнес үшін жасаған жалғыз ісі – тарифтердің төмендеуіне қол жеткізу. Бұл өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін орасан зор көмек. Бірақ сонымен бірге жеке меншік құқығы бұзылған күйінде қалып отыр, монополиялар жойылған жоқ (яғни, тарифтердің қымбаттау қаупі және бизнесті бопсалау қаупі сақталуда), теміржол рельстері әлі де сол темір жолдармен жұмыс істейтіндерге берілмей отыр.
Иә, «КСО» АҚ иесі өзгерді, бір монополистің жүздеген жолы екінші монополистке берілді.
Бірақ сонымен бірге бизнестен заңсыз тәркіленген теміржол рельстері туралы үкіметтегілердің ешқайсысы жұмған аузын ашқан жоқ.
Биылғы жылдың 7 қазанындағы сауалымызға Үкіметтің 28 қарашадағы жауабын келтірейін: «Бүгінгі таңда басқа заңды тұлғаларға (ҚТЖ-дан басқа – А.П.) тиесілі кірме жолдарды («КСО» АҚ – А.П.) тіркеу және пайдалану фактілері анықталмады.) бекітілмеген».
«Ақ жол» фракциясы бес жыл бойы өз өтініштерінде «КСО» АҚ кірме жолдарын рейдерлік жолмен тартып алған нақты компанияларды көрсетіп келеді. Бұл «Тоғызақ астық өнімдері зауыты» АҚ (Қостанай облысы), «Павлодарская Нива» ЖШС (Павлодар), «Smart-EX» ЖШС (Қарағанды), ЖК Гаязов және т.б. Мемлекеттік органдардың жады нашар және қажетсіз мәліметтер базасы үлкен болса, біз олардың өтініштерін қайтадан жолдаймыз.
Бірақ бұл тек бізге жүгінген компаниялар ғана, көбісі қайда жүгінетінін де білмейді, өйткені бұған дейін олар барлық сот инстанцияларынан сәтсіз өткен. Сонымен қатар, олардың мүлкін тәркілеуге қарсылық білдіру әрекеттерінің жоқтығы тоналған кәсіпорындар үшін көп жағдайда өте үлкен мемлекеттік баж салығымен байланысты.
Кәсіпкерлерде теміржол инфрақұрылымы бойынша экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы неге тек мемлекет мүддесін қорғаумен айналысты деген сұрақтар туындайды.
Осылайша, Үкіметтің жауабында «КСО» АҚ қызметі мемлекетке залал келтіргені, ал одан алынған 28 миллиард соманың салық төлеуге және мемлекетке тиесілі КСО мен ҚТЖ жолдарын ұстауға жұмсалатыны айтылған. Бүгін Қаржы министрлігі саладағы тағы 26 кәсіпорынның мемлекет меншігіне өткенін хабарлады. Әрине жақсы.
Өйткені, бұдан бұрын да «КСО» АҚ жеке кәсіпкерлер үшін тарифтерді 12 есеге негізсіз ұлғайтқаны анықталып және бұл тарифтерді осы көлемде төмендету талап етілген. Алайда, неге екені белгісіз, «КСО» АҚ кәсіпкерлерден 5 жылдан астам уақыт бойы заңсыз өндіріп алған тарифтің 95 пайызын монополисттен ешкім өндіріп алғысы келмейтіні қызық?
Экономика министрлігі Монополияларды реттеу комитетінің 2016 жылғы 24 маусымдағы КСО тарифін 153 теңгеден 2250 теңгеге, яғни, 15 есеге дейін көтеруді заңдастырған бұйрығы да құқықтық тұрғыдан бағаланбай қалды?
Кәсіпкерлердің айтуынша, дәл осы бұйрыққа сілтеме жасай отырып, соттар мен тергеушілер әлі күнге дейін зардап шеккен кәсіпорындарды КСО ісі бойынша жәбірленуші мәртебесінен алып тастауда, нәтижесінде бұл кәсіпорындардың жүздеген миллион заңсыз артық төленген тарифтерді қайтаруды талап етуге мүмкіндігінен айырылуда.
Бірақ, заң бойынша монополист тұтынушыларға заңсыз тарифтерді өтеуге міндетті. Прокуратураның мәліметінше, КСО тарифтерінен зардап шеккен 4000-нан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлер құқықтарына, кәсіпорындардың сақталуына немқұрайлы қарағаны ма? Бұл президенттің тікелей тапсырмасын орындамаушылық!
Еске сала кетейік, Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады.
Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы жеке кәсіпкерліктің конституциялық құқықтарын елемей отырған теміржол инфрақұрылымы саласындағы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның жұмысын қанағаттанарлықсыз деп атап, келесі талаптарды қояды:
ЗАҢСЫЗ ТӘРКІЛЕНГЕН ТЕМІР ЖОЛДАР ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИІСТІ
2016 жылғы 24 маусымнан бастап кәсіпкерлерге тарифтің заңсыз ұсталған бөлігін өтеуге қатысты «КСО» АҚ-ға жаңа сот талаптарын қозғау мәселесін қарау;
КСО-дан басқа, темір жол саласындағы заңсыз қызмет және басқа да ұқсас монополистер нарығын зерттеу, қызметін асыра пайдалану туралы хабарламалар «Ақ жол» демократиялық партиясына әлі де келіп түсуде (қажет болған жағдайда біз осындай ақпаратты жеткізетін боламыз);
Жаңа монополистер мен «делдалдарсыз» осы салаларда жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындардың өз меншігіне темір жол бағыттарын тікелей сату механизмін әзірлеу.
Жалпы, монополиясыздандыру жөніндегі комиссиясы тек мемлекеттің ғана емес, кәсіпкерлердің де мүдделерін қорғауы керек, себебі, рейдерлердің және монополиялардың бопсалауының құрбанына ең алдымен солар айналады.
Құрметпен,
«Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
«Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі