Қуаттың біткен жері, еркектіктен кеткен жері - Қажымұқан Ғабдолла
2022 ж. 02 тамыз
1445
0
Қазақтың мүддесін қорғаған «Қазақ үні» апталығында белгілі журналист Зейнолла Абажанның кешегі Назарбаевтың жемқор дәуірінде, яғни, отыз жылда қазақ елінен ұрланған халықтың қаржысын толықтай қайтаруды талап еткен «ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ» деген атпен көлемді аналитикалық мақаласы жарық көрді.
Жасыратыны жоқ, «Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап» деп емес, өзінің дер шағында, дәлірегі, Назарбаев билігінің кезінде-ақ демократиялық ұстанымдағы қоғам қайраткері Азат Перуашев тізгінін ұстаған «Ақ жол» демократиялық партиясы мен оның парламент Мәжілісіндегі фракция депутаттары қазақтың шетелге ұрланып-тығылған қыруар қаржыларын елге қайтару туралы талай ірі бастамалар көтерген болатын. Мұның өзі халықтың көптен бері көкейінде жүрген талаптарының бірегейі-тін.
Расында, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясы депутаттары Азат Перуашевтан бастап, бірнеше жылдан бері шетелдердегі оффшорларда, «Панама тізімі», «Райское досье» және, Швейцария банктерінің қазақстандықтырдың шоттарына жасырған ұрланған қаржыны елге қайтару туралы талай рет сауал жолдағанын көпшілік жақсы біледі.
ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ, “Ақ жол” фракциясы депутаттарының талабымен Бас прокурордан бастап, барлық күштік құрылымдардың басшылары Парламентке келіп есеп бергенде, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса: “Парламентте “Ақ жол” фракциясы 10 жылдан бері көтеріп келе жатқан шетелдердегі офшорлық аймақтарға кеткен 167 млрд долларды қайтару мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Президент тапсырма берді, енді не күтіп отырсыздар? Елдің жағдайы қиын, ал, біз халық қазынасынан ұрланған миллиардтарды қайтара алмай отырмыз?! Қазақ жерінің қазба байлығын, кенен кенішін түрлі заңсыз жолдармен қолға түсіріп байығандардан сол кірістің, кемінде 80 пайызын, ал, қазба байлық орындарын түгел - қазынаға қайтаруын қатаң талап ету керек. Қазба байлықтар - ешкімнің де ата-бабасынан қалған мұра емес, Құдай берген қалың Қазақтың байлығы!” - деп, талап еткен болатын.
ОСЫДАН КЕЙІН-АҚ ҚАСАТ СЕҢ СЕТІНЕЙ БЕРДІ...
Мінеки, алғашқы нәтижелер жариялана бастады. Осыған ел болып қуанып отырғанда, әлеуметтік желіде Kuat Ahmet деген біреу: «Ертен Такаевті де осылай қаралайсыз ба? Уқыт өткесін» - деп жазыпты.
БІРІНШІДЕН, Қуат замандас әлгі атышулы «ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ» деген мақаланың авторы Зейнолла Абажанды - мәжілісші Қазыбек Исамен шатастырып алғанға ұқсайды. Бұл - Қазыбек Исаның мақаласы емес.
ЕКІНШІДЕН, Қуат замандас, Сіздің жазбаңыздың қателерін түземей, әдейі түпнұсқасында (оригинал) беріп отырған себебім - қалың жұрт төл сөзіңізден-ақ сізді «жазбай танысын» деп отырмын. Қазақ «Ауылына қарап - азаматын таны» дейді. Сондықтан, адамның бір-екі ауыз сөзі-ақ - оның кім екенін көрсетеді.
БІРАҚ, МЕНІҢ ТҮСІНБЕГЕНіІМ: Сіз де ұрысыз ба? «Қарға - қарғаның көзін шұқымайды» дейді ғой... Сіздің сөйлемдеріңіздің қатесін айтпағанның өзінде - отыз жыл елді тонаған Назарбаевты қорғауыңыз - мен үшін мүлдем түсініксіз. Демек, не сіз де Светқали Нұржанша айтсақ, тиран Назарбаев кланына жақын жүріп, қазақты бірге тонағансыз; не көп ұрының бірісіз. Бірақ, қайсы нұсқасы да - оңып тұрған жоқ.
Былтырғы Қазыбек Иса туралы арандатушы видео салған бетпақ бес қатынға алтыншы қатын болып қосылған Қуат Ахметтің сол видеоны өз парақшасында тағы жариялап отырғаны - бұның таза біткен жері, еркектіктен кеткен жері! Үшәріптің тапсырмасын орындауда ұлтшылдарға қарсы қандай лас тірліктен де тайынбайтын надан екеніне жұрттың көзі жеткен жері!
***
ҚУАТ ЗАМАНДАС!
Назарбаевтың билігі кезінде шетелдік оффшорларға қазақ елінен, шамамен, 140-160 млрд АҚШ доллары ұрланыпты. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке шоттарындағы ұрланған 200 млрд АҚШ долларын қосыңыз. Басқасын қозғамай-ақ қояйық.
Сонда сіздің отбасыңыздың, тіпті, немере-шөберелеріңіздің, шөпшек-неменелеріңіздің несібесіне дейін ұрлап-түптеп кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтан ұрпағыңыздың адал да тиісті ризығын қайтарып беруді талап етсеңіз, ол сіздіңше, қаралау ма?!.
Әрине, әлеуметтік желі дегенің - әлем-жәлем, әрнәрсе туралы әңгіме айтуға болады. Бірақ, ҚУАТ бауыр, әділ де ауырлықсыз өмір сүру үшін тау қопарудың қажеті жоқ, тек құдай берген құлаш тілге - бақылау жасай алсақ, Күн күліп шығуын жалғастыра береді...
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
Фейсбук парақшасынан