Елімізде өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны мыңнан асты
2022 ж. 15 шілде
1019
0
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 15 шілдеде коронавирустан стационарда 588, амбулаторлық деңгейде 4895 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1257 жаңа жағдайы тіркелді, cоның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 353,
Алматыда – 349,
Шымкентте – 103,
Ақмола облысында – 30,
Ақтөбе облысында – 7,
Алматы облысында – 115,
Атырау облысында – 23,
Шығыс Қазақстанда – 15,
Жамбыл облысында – 60,
БҚО – 13,
Қарағанды облысында – 70,
Қостанай облысында – 17,
Қызылорда облысында – 51,
Маңғыстау облысында – 16,
Павлодар облысында – 9,
Солтүстік Қазақстанда – 5,
Түркістан облысында – 21.