«Ақ жол»: Майнингтік компаниялар мемлекеттік ресурстарды мақсатсыз пайдалана бере ме?
2022 ж. 13 сәуір
1091
0
«Ақ жол» фракциясы «Astana HUB» майнингтік компанияларының заңсыз алған жеңілдіктерін бюджетке қайтаруды талап етті.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданған фракцияның депутаттық сауалын Дания Еспаева жариялады.
***
ҚР Есеп комитетінің сайтында ресми түрде хабарланғандай, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын тексеру барысында «Astana HUB» IT-технопаркінде стартаптар түрінде криптовалюталар майнингімен айналысатын жобалар анықталды.
Осындай 5 компания 8,5 млрд. теңге сомасына мемлекеттік преференциялар алған. «Astana HUB» технопаркін құрудың негізгі міндеті инновациялық жобаларды тарту және дамыту болғанын еске саламыз.
Технопарк қатысушыларына салық төлеуден босатуды қоса алғанда, түрлі преференциялар беріледі.
«Ақ жол» партиясының депутаттары Цифрлық даму министрлігі «Astana HUB» технопаркінің қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеді деп есептейді.
Биылғы жылдың ақпан айында Президент Қ.Ж. Тоқаев Үкіметке елдегі барлық майнингтік фермаларды анықтауды және қысқа мерзімде криптовалютаны өндіру салығын бірнеше есе арттыруды тапсырды. Президенттің тікелей тапсырмасынан бері 3 ай өтті және енді ғана «тұманды» жолмен жұмыс істеп қана қоймай, салық жеңілдіктерін пайдаланған майнингтік компаниялар анықталуда.
Депутаттарда «Astana HUB» құрылтайшысы болып табылатын «Зерде» Ұлттық холдингінде осындай компаниялар қалай жұмыс істеп жатыр деген сұрақ туындайды.
Есеп комитеті анықтаған миллиардтық бұзушылықтарда цифрлық даму министрлігінің баспасөзге берген түсініктемелері, атап айтқанда сотқа жүгіну және құқық бұзушыларды қандай да бір жауапкершілікке тарту тым қиын деп санайтын реакциясы, яғни іс жүзінде біреуге тыныш қана миллиардтаған бюджет қаражатын «сыйға тартуы» сұрақтар туындатады. Ал мемлекеттік мүдделер қайда қалды?
Қолданыстағы заңнамада аталмыш мәселе бойынша олқылық болса да, бір емес, бірден 5 компания оны қалай пайдаланды; ІТ-технопарк басшылығы неге және неге сүйене отырып бұл мәселеге көзін жұмды?
Мысалы, Ақтауда технологиялық өнімдерді бюджет қаражатына шығаруды негізге ала отырып, сол ноутбуктерді жинап, кері бөлшектеу сияқты мысалдар аз емес пе?
Тек атаулар инновациялық болып табылатын сәнді «проджекттерге» тағы қанша бюджеттік миллард кетер екен?
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» депутаттық фракциясы төмендегілерді сұрайды:
1) «Astana HUB»-та жұмыс істеген майнингтік компаниялардың қызметін тексеру барысында бюджетке заңсыз алынған преференцияларды қайтару.
2) Мемлекет берген ресурстарды мақсатсыз пайдалануға жол берген "Зерде" Ұлттық холдингінің және IT-технопарктің өзінің кінәлі лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту.
3) «Astana Hab» қызметін реттеуде анықталған қайшылықтарды шұғыл түрде жою.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары