Таразда мектеп мұғалімі оқушыларға Жириновскийдің суреті бар "сыйлықтар" таратқан
2022 ж. 06 сәуір
1312
2
Қазақстанға қарсы агрессивті шабуылдарымен танымал ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің портреті және ол басқаратын Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) жарнамасы бар «сыйлықтар» Таразда оқушыларға таратылды, деп хабарлайды КазТаг агенттігінің тілшісі.
«2022 жылдың наурыз айында Тараз қаласындағы №13 мектептің 6 сыныбының бірінің сынып жетекшісі мектеп әкімшілігінің келісімінсіз сынып оқушыларына ресейлік партиялардың бірінің логотипі бейнеленген сыйлықтар табыс еткен», - деп түсіндірді Жамбыл облысы әкімдігі жағдайға байланысты.
Шенеуніктердің айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес мұғалімнің оқу-тәрбие процесін саяси науқанға пайдалануға құқығы жоқ.
«Мұғаліммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ облыстың өзге де ұстаздарымен ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді. Педагог этикасын бұзғаны үшін мұғалімге сөгіс берілді. Сондай-ақ, оқу-тәрбие бөлімінің бас мұғалімі мен Тараз қаласындағы №13 орта мектептің директорына сөгіс жарияланды», - деді облыс әкімдігі.
Атап өту керек, бұған РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы В. Володин ЛДПР төрағасы В. Жириновскийдің қайтыс болғанын ресми хабарлады.