"МАМА" және "ПАПА" сөздерін қолдану заңға қайшы - заңгер
2021 ж. 21 желтоқсан
2257
1
Бүгінгі күн парадоксы: дербес ұғымы қалыптасқан шынайы тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілі мәртебесі жеткілікті денгейіне көтерілмей, тіпті қазақтың өзінің ара-қатынасында қолданылмай келетіндігі қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді сыздатады. Сондықтан да оны жандандыру мәселесі әлі де өзекті болып келеді. Қайда қадам бассаңыз да, қайда назар аударсаңыз да, көретін құбылысңыз бірынғай: егде жастағы қария, жаңашылдыққа құлшынысы мол жастар, ауладағы ойынға берілген жас балалар, тілі жаңа шыққан бүлдіршін, ертеңіне үміті зор жас жұбайлар жаңа ғана тәй-тәй басып келе жатқан балаларымен егемен Елімізде ұлттық табиғатымызға жат орыс тілінде шүлдірлеп, мақтана жарыса сайрайды. Тіпті ой-санасы толған, салиқалы деген замандастарымыз тек орыс тылын қолданады. Өкініштісі, олар ана тілі - қазақ тілін, Қазақстандағы мемлекеттік дәрежедегі тілін аызына алмайды. Әрине, орыс тілін білу артық емес, кезінде Ұлы Абай да орыс тілін білудің маңызын атап өткен. Орыс тілін білу дұрыс та. Бірақ, әркімге өзінің ана тілін білу – қасиетті парыз! Атақты авар ақыны Расул Гамзатов: «Егер тілім ертең болса құрымақ, /Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»» деген жалынды ойын халықына жеткізген. Осы ақиқатты бізге де күнде қайталаған артық емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, Елімізде тіл мәселесінің әлі де болса өзектілігіне аса көңіл бөліп, былай деген болатын: «Қазақтың тілі - қазақтың жаны! ...Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. ...Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз». Сондықтан, мемлекетімізде тіл саясаты жүйелі түрде, жан-жақты оңтайлы, ықпалды тәсілдермен және ғылыми терең негізделіп жүргізілсе – игі мақсаттарымызға жететініміз сөзсіз. Ана тіліміз -Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің, адамшылдығымыздың кепілі! Тілден айырылсақ-Елімізден айырыламыз!
Ал қанымызға ана сүтімен дарыған, көркемдік сипаты мол, сөздік қоры ғаламат бай тіліміздің қолданыс деңгейі төмендеп, тіпті күннен-күнге құлдрап бара жатқаны бізді қатты қынжылтады. Жұрттың көпшілігінің ана тілін жатсынып, оған немқұрайды, тіпті менсінбей қарауының себептері әрине саналуан. Бірақ, соның ішінде ең басты деген бір қырына көңіл бөліп, талдап көрейік. Алла бұйыртып, жарық дүниеге аман-сау келген перзенттің тілі жаңа ғана шыққан шақта, өзінің етене ең жақын жандары-әке-шешесін орысша «мама, папа» деп ауызына алады. Осыны естіген ата-анасы аса бір қуанышқа бөленеді. Әрине, осы сәттің алдында олардың өздері күніне жүзден аса «мама, папа» деген сөздерді бүлдіршіннің құлағына құйып бағады-ғой. Сонымен, бірінші ауызына алған «мама-папа» сөздерін
балалары өмір бойы аузынан тастамайды. Бірақ, көпшілік ата-аналар бүлдіршіндерінің санасы орыс тіліндегі «мама,папа» сөздерімен бірге орыстілділікке кодталатынына (дуаланатынына) мән бермейді.
Ұлт болмысын қалыптаструдағы қазақ түсіндірме сөздіктерінің ролі орасан екені айқын. Әрине, сөздіктердің кемістіктерін арнайы іздеуден аулақпыз, бірақ оларды қолданған кездерде кезігетін олқылықтарына намысы бар азаматтың іші ашитыны сөзсіз. Сөздіктер бүкіл халыққа арналған. Өкінішке орай, қазіргі қазақ қауымының үлкенді-кішісінің кең қолданып жүрген «мама, папа» сөздерінің төркінін анықтауға тырысайық. Ресей сөздіктері орыс халықының көне заманнан бері төл сөзі болып келе жатқан бұл сөздерге мынадай түсініктеме берілген: « Мама, …То же, что м а т ь ( в 1 знач.) (преимущественно в обращении к матери или в разговоре детей о матери). (Словарь русского языка: В 4-х томах/ АН СССР, том 2, М.,1982, стр.224; С.И. Ожегов. Словарь русского языка.М.,1975, стр. 309 )»; « Папа… То же, что о т е ц ( в 1 знач.) (преимущественно в языке детей). (Словарь русского языка: В 4-х томах/ АН СССР, том 3, М.,1982, стр.18; С.И. Ожегов. Словарь русского языка.М.,1975, стр.449)». Хош, делік. Ал қазақ сөзіктері неге жолдан тайып, кірме, қазақ табиғатына жат сөздерге жол берген? Мысалы, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі «мама» сөзіне «Баланың туған шешесі, апа» дей келе, «папа» сөзіне - Туған әке деген түсініктеме берген(«Ғылым» баспасы, Алматы-1983, 7 том, 116 бет). Ал кейінгі жылдардағы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөзігі» аталған «мама, папа» сөздеріне мынадай түсіндірмелер берілген: «МАМА I Ат байлайтын діңгек ағаш. МАМА II Ананың емшегі Мама бие- сүтті, сарықарын, үлкен бие МАМА ІІІ Апа,шеше (Бұл басылымдар Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бола тұра, Орысша-қазақша сөздігінің ролін не себепті атқарып отыр?- автор,Нақыпбек Садуақастегі) ; ПАПА Католик шіркеуіндегі ең жоғарғы билік иесі. (Алматы, 2008, «Дайк Пресс», 579, 667 беттер). Аталған сөздіктің орыстың «папа» сөзін «әке, ата» деп түсіндірме бермегеніне шүкіршілік.
Ал енді Қазақстан құқықтық кеңістігіндегі қолданыстағы заңнамаға сүйенейік. Республикамызда ең жоғары заңды күшке ие заң - Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай жазылған: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады». Зер салсаңыз, құқықтық күші мен пәрменділігі ең жоғары Ата Заңда «мама, папа» сөздері қолданылмағандығы бекерден-бекер емес: олар мәні асыл туған тілімізге, бүгінгі мен ертеңгі ұлттық мүддемізге, ежелгі заманнан бітімін тапқан адами табиғатымызға, ғасырлар бойы қалыптасқан болмысымызға жат, кірме сөздер. Барлық заң салаларының құқықтық базасы саналатын Ата Заңнан нәр алып, тамыр жайып бөлінген заңдар: «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексі мен басқа да мемлекттік тілдегі құқықтық актілерде «папа мен мама» деген сөздер орын алмаған. Ал әр қазақстандық Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңдарды құрметтеп, талаптарын орындауға міндетті.
Қазақтың ықылым заманнан бері ауызына алып келген қасиетті «әке, шеше, ана» сөздерінің орнына қазіргі шақта «мама, папа» сөздері неге қолданылады? Себебі көп. Оның астарын көзі қырағы қауым біледі. Бірақ санаға салсақ, «әке, шеше, ана» сөздері -, жанымызға жылы, қадірі мол қазақи төл сөздер емес пе?! Сонымен қоса, бұл сөздер шұбаланқы емес, тілге оралымды, оңай айтылады, қолданысқа қиындығы жоқ болып тұр емес пе? Орыстың «мама, папа» кірме сөздерінің орнына «әке, шеше, ана» сөздерін қолданайық, ұлтжанды ағайын. Бұл тіпті Заң талабы.
Нақыпбек Садуақастегі, заңгер, публицист
Қазақ үні