СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
2021 ж. 21 желтоқсан
1434
0
Қазір ғаламдық климаттық өзгеріс белең алған заманда адамзат тіршілігіне қауып төндіретін әртүрлі себептер пайда болуда. Соның бірі өмір өзегі болып саналатын су мәселесі. «Қазақстан суы тапшы ел болып саналады... Бұл мәселемен біз шындап айналысуымыз керек» деп тапсырма берген болатын Ел президенті Қ.К.Тоқаев. Суды ең көп пайдаланатын салалардың бірі ауыл шаруашылығы екені белгілі. Қазақстанда судың 75% ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Сондықтан суды үнемді әрі тиімді пайдалану технологияларын жасап, оны өндіріске кеңінен енгізу өте маңызды жұмыс болып табылады. Осы бағытта елімізде әртүрлі деңгейлерде бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі Дүниежүзілік қайтақұру және даму банкімен бірлесіп 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі» (ИДЖЖ-2). Жобаға жауапты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігігінің Су ресурстары жөніндегі Комитеті. Бұл жобаның іс-шаралары Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында жүзеге асырылып келеді. Осы жобаны жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 105 084 га аумақты қамтитын 10 кіші жобалық аймақтар бекітілді. Соның ішінде екеуі Алматы облысы Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарындағы Ақдала және Еңбекшіқазақ деп аталатын кіші жоба аймақтары, арқайсысының аумағы тиісінше 7481 га және 5000 га. Түркістан облысында 62308 га аумақты қамтитын төрт, Қызылорда бойынша аумағы 15 123 га болатын бір, Жамбыл облысы бойынша 15 172 га аумақты қамтитын үш кіші жобалар аймақтары бар.
ИДЖЖ-2 жобасының түпкі мақсаты Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендері бассеиндерінде қолда бар ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жетілдіру арқылы суармалы егіншілікті инновациялық жолмен дамытып, егіннің өнімін молайту. Осы трансшекаралық өзендердің бассейндерінде су-мелиорациялық проблемалары жылдан жылға шиеленісіп келеді, ал халық тығыз орналаскан бұл алқаптарда су үнемдеу мен топырақты корғаудың осы жобадан басқа баламасы жок.
Ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу үшін шаруашылық басшыларын, мамандарын және егіс алқаптарындағы кызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан жобада инновациялык шаралар мен технологияларды енгізудің шетелдік және отандык озық тәжірибелерін
меңгеру, жобалық жерлерді тиімді игеру үшін шаруашылықты басқару, агротехникалық жұмыстарды және су үнемдеу тәсілдерін ұйымдастыру мен қолдануға алдын ала дайындықтар жүргізіп, біліктіліктерін арттыруға бағытталған әдістемеліктер өткізілуде.
ИДЖЖ-2 жобасының алдында тұрған міндеттердің қатарында өзіне бекітілген жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында тиімді игеру, суармалы жерлерді су үнемдеу және топырақ қорғау негізіне ауыстыру, бәсекеге қабілетті өнім алу жолында тұрақты суармалы егіншілікті дамыту және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен көрсеткендей суды үнемдеу және халықтың су қорларына деген көзқарастары мен ойларын өзгерту жатады.
ИДЖЖ-2 жобасының мақсаты - су үнемдеу және топырақ қорғау конструкцияларын, технологиялық және ұйымдастыру шараларын енгізе отырып, республикалық меншіктегі ирригациялық және дренаждық жүйелердің техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қалпына келтіру және жақсарту - "Қазақстан-2050 "стратегиясын"ескере отырьш, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлердегі (Сырдария, Талас, Шу және Іле) трансшекаралық өзендердің жобалык алқаптарындағы ауыл тұрғындарының экономикалық өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуте міндетті.
Бұл жоба төрт компоненттен тұрады: (і) ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жаңғырту, (іі) ирригациялық және дренаждық жүйені тұрақты басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, (ііі) ауыл шаруашылығын дамыту, (iv) жобаны басқару және техникалық жәрдемдесу.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
- су шаруашылығы жүйелерін тиісті жағдайға келтіру;
- ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған жерлерді қалпына келтіру;
- 2,0 млн. га суармалы жерді суармалы сумен қамтамасыз етуге кепілдік беріліп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 2 еседен астамға арттыру, суармалы суды пайдалану тиімділігін 3 есе арттыру көзделген.
Осы жоба арқылы ауыл халқын жұмыспен қамтуды 150,0 мың адамға дейін жеткізілмек.
Ә.Р. Ысқақов, биология ғылымдарының докторы
Қазақ үні