Арон Атабек қайтыс болды
2021 ж. 25 қараша
1414
0
2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабек 24 қараша кешкісін 68 жасында қайтыс болды.
Бұл ақпаратты Азаттыққа Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева айтты.
"Ауруханада жүрегі тоқтап қалды", – деді ол Азаттыққа.
1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабекті (Едігеев) сырқатына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, түрмеден босатқан еді. 15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралған.