Елімізде ақыры дәретхана қағазы да қымбаттады
2021 ж. 18 қазан
1482
0
Азық-түлік бағасы көтерілгенде дәретхана қағазы да қымбаттап шыға келді. Әсіресе гигиеналық тауар құны еліміздің үш өңірінде шарықтап тұр, деп хабарлайды КТК.
Дәретхана қағазы қымбаттаған аймақтың көшін Жамбыл облысы бастады. Мұнда 12 пайызға дейін өскен. Шығыс Қазақстанда оның құны 10%, Атырау облысында 9 пайызға аспандапты. Сөйтіп биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр.
Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайзын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты.
Жыл басынан бері елімізде 57 миллиард теңгеге жуық қағаз және қағаз өнімдері шығарылған.