РУЗАНЫ ҚОРҒАУ - ТІЛДІ ҚОЛДАУ!
2021 ж. 13 қазан
1845
2
Кешегі күні, Ruza апамыз босатылсын деп, әлеуметтік желіде жазбаған адам қалмады-ау деймін. Кеудесінде Қазақтың жаны бар дегендердің барлығы бас көтерді! Бір күнде, Руза Бейсенбай тегін қорғаймыз деген мақсат, жан жақтағы аға-іні, апа-қарындастардың "топтасуына" әкеліп соқты! Жоспарлар құрыла басталды! Жауапты органдарға да хаттар жазылды! Мәжіліс депутаттарына дейін сұрау жасалды!
Бір-ақ күннің ішінде, Қазақтың бар екенін көрсете білгеніміз қандай жақсы болды! Тіл дегенде, біз Бір болатынымызды "о" жақтың да көріп, біліп отырғандары дұрыс...
Бірақ, бұл қолдауымызды біз енді тоқтатпағанымыз жөн! Кешегі күнгі бірлігіміз, бүгін де өз жалғасын тауып кетіп жататын болса, ең дұрысы сол болады! Айтайын дегенім, осы жердегі жазулармен шектелмей, Заңды бұзып отырған мекемелердің/қызметкерлердің аттарын атап тұрып, керсінше солардың жазалануын, біз енді, жоғары жақтан талап етіп отыруымыз керек! Былайша айтқанда, Фейсбукте отырып жазу бір бөлек, ал "құзырлы" дегендермен жазысу ол басқа болады...
Кеше де, сол құзырлы органдармен телефон арқылы тілдестіп, мән жайды білуге кіріскенімізде, Павлодар қаласы ІІБ қызметкерлерінің, шынымен де өзге тілге басымдылық беретіндеріне, "құлағымыз" толықтай жетті! Тұтқаның арғы жағындағылар, біздің, Мемлекеттік тілде сөйлегенімізді сырып қойып, орыс тілде шүлдірлегендерін қоймағандарынан, сол жақ құлағымыз қызарып та кетті! Жайшылықта, Қазақ тілін талап ететін біз, амал жоқ, (Руза апайдың амандығын толық білуіміз үшін) олармен сыпайы болуға тырыстық...
Бүгін, сот ағайын! Бірақ, Құдай қаласа бұдан да өтерміз! Өткенде бір, Руза апайға да айтқан едім. Үйреңгішті күресіміз ғой! (Тіліміздің күресін айтамын!) Қорықатын ештеңе жоқ! Қатты ұайымға берілмеңіз деп. Бүгін жеңілсек, ертең жеңіске жетеміз!
Міне, сол жеңіс күнін тездетіп жақындата беруіміз үшін де, Фейсбуктен шығып, бір сәт уақытымызды бөліп, шынайы іспен де айналысқанымыз жөн болады! Ол дегеніміз, ресми түрде хат жазып, талап етуге көшуіміз керек! Өйткені, Фейсбуктегі жазбалар осы жерден аспай қалады (еш бір жерге тіркелмейді дегенім). Ал, тікелей жазылған хаттың (кірісі нөмірі қойылып, мөрі басылған) әсері басқалай болатыны сөзсіз!
Міне, осылайша, хаттар жан жақты жазылатын болса! Қол жиналып, ұжымдық хаттар көптеп түсетін болса! Еліміздің түкпір-түкпірінен қоңыраулар соғылып талап етіліп жататын болса! Мемлекеттің тілінің жеңісі де, көпке созылмайды! Егер, "о" жақ, біздің бұл Заңды түрдегі талаптарымызға құлақ қақпайтын болса, обалдары өзіне...
Руза Бейсембай тегі апамыз да, Мемлекеттің тілінің (біздің тіліміздің) болуы үшін, сондай-ақ, Заңдарымыз орындалуы үшін басын бәйгіге тігіп жүргенін енді барлығымыздың көзіміз жетті емес пе?!
Егер, біз де, Мемлекеттің тілі - менің тілім! деп, ұрандататын болсақ! Руза апайға көмек беріп, ол кісіні қолдаймыз десек! Бүгіннен қалмай, Павлодар қаласы (облыс) прокуратурасына, Әкімділігіне, ІІБ, Көші-қон полициясына (қай жердің телефондары бар) қоңырау соғып, Заңның бұзылуына жол бермеуілерін, талап ете бастауымыз керек!
Руза апамызды қолдау - Тілімізді қорғау!
Жасұлан Иса,
Қазақ үні