Министр жұмыс істейтіндердің барлығын екпе алуға міндеттейтін ережені бекітті
2021 ж. 08 қазан
1279
0
ҚР Денсаулық сақтау министрі "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін елді-мекендерде немесе нысандарда COVID-19-дың таралуын болдырмауға бағытталған шараларға қатысты 49-тармақ тармақшасына толықтыру енгізілсін: Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтықтағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер тізімін бекіткен ұйымдарда / нысандарда қызметкерлердің штаттық режимдегі жұмысына тек COVID -19-ға қарсы вакцина алғанда ғана рұқсат етілсін.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, тиісті әкімшілік аумақтағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер тізімін бекіткен ұйымдағы / нысандағы COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмысшыларына тиісті ПТР-тестілеу анықтамасы (7 күнде 1 рет) болған кезде, соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырып, емделгені жайлы және медициналық қарсы көрсетілімі адамдарға толық жұмыс уақытына шығуға рұқсат етілгені көрсетілген.
Бұйрық 2021 жылы 17 қазанда күшіне енеді.