Мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда туралы түйткілдер көп
2021 ж. 06 қазан
1196
0
Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярға «Ақ жол» фракциясының мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудағы мәселелер туралы депутаттық сауалын жолдады.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.
***
Тұрақты нарық – кез келген мемлекеттік қолдау шараларына қарағанда бизнестің дамуын үдетеді. Өндіруші үшін тұрақты, әрі тиімді өткізу нарығының болуы маңызды.
Осыған орай, бүгінгі депутаттық сауалымда отандық бизнестің проблемалы мәселелесінің біріне тоқталып кеткім келеді. Ол: салқындатылған сиыр еті мен қосалқы ет өнімдері бойынша сату нарықтарын ашу қажеттілігі.
Отандық ет үшін бірден бір нарық – Қытай халық республикасы. Ол географиялық жақындығы жағынан және жергілікті нарық үшін өнімді қолайлы бағамен жеткізуге тиімді. Ал, 2021 жылғы көрсеткішке сүйенсек, Қазақстанда 186 млн жайылым мен 28 мың фермерлік шаруашылықтар бар. Бұл – экспорт көлемін жылдам ұлғайтуға және өсіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде отандық кәсіпорындардың ҚХР-ға салқындатылған сиыр етін жеткізуге рұқсат алуға мүмкіндігі бар. Қытайға өнім экспорттауға ет өңдейтін 4 кәсіпорынның аккредиттеуден өтуі – бұл өткен жылдары нарықтарды ашу бойынша жүргізілген жұмыстың жемісі. Алайда, бүгінде мұздатылған сиыр етін жеткізу, басқа да тиімді экспорттық позицияларды айтпағанда, ҚХР-мен құрлық шекаралары арқылы өтудің қиындығына байланысты іс жүзінде тоқтап тұр.
Етті мал шаруашылығы дамуын ілгерілету үшін, тауардың Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтуі мәселесін шешіп қана қоймай, салқындатылған сиыр еті мен ет өнімдері үшін Қытай нарығын ашуымыз қажет.
Бұның маңыздылығы мынада. Салқындатылған сиыр еті мұздатылған етке қарағанда 90%-ға қымбат. Мұздатылған еттің тартымды бағасы – килограммына 6 доллар болса, салқындатылған ет – 11 доллар тұрады. Ал, жалпы тұтыну көлемі жылына 8 млн тонна сиыр етін құрайды., Онымен қоса, ауқымды нарық Қазақстанның етті мал шаруашылығының қарқынды дамуына серпін береді.
Бұдан бөлек, ірі қара малды сою кезінде, етпен бірге түрлі бағалық санаттағы өнімдер қатар өндіріледі. Демек, ет өңдеу кешендері етпен қоса субөнімдер - ішек-қарын, қан, тері және басқа да өнім алады. Осы өнімдерді Қазақстанның ішкі нарығында тұтыну шектеулі, оларға тиісті сұраныс жоқ. Соның нәтижесінде, ет өңдеу тиімсіз салаға айналады. Ал, бұл саланың игермеген қаражатының жылдық жиынтық көлемі шамамен 600 млрд теңгені құрайды. Сонымен бірге, Қытайда субөнімдер - сұранысқа ие, кәдеге асады және жалпы түсімі ет сатудан түскен түсіммен тең түспесе, кем түспейді.
Сараптамалық бағалауға сүйенсек, экспорттық баға 500 мыңға жуық қазақстандықты бизнеске тартумен қатар, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл салаға 700 млрд теңгеден астам қосымша табыс түссе, инвестициялар көлемінде 1,3 трлн теңге әкеледі. Бұл, ет өңдеу кәсіпорындары, бордақылау алаңдары және фермерлік шаруашылықтарды салу және қуатын арттырар еді.
Халықтың 40%-дан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескерек. Ел үшін бұл, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әлеуметтік шиеленіс және қалалардың инфрақұрылымына қысымды төмендету мүмкіндігі болып табылады.
Қытай күрделі әрі бәсекелі нарық. Аталған мәселелер үкімет деңгейінде шешіледі. Мысалы, ресейлік шенеуніктердің осы елдің нарығын ашудағы табанды еңбегінің нәтижесінен кейін, сиыр етінің экспортын алғашқы алты айда 3 есе өсірген. Олар 2020 жылғы қаңтарда мұздатылған сиыр етіне нарықты ашса, тура жарты жылдан кейін 2020 жылғы маусымда салқындатылған етке деген нарығын ашты. Ал, қазіргі уақытта ресейліктер субөнімдер нарығын ашу мәселесін келісіп жатыр.
Бұл ретте Қазақстанда жауапты мемлекеттік органдар осы бағытта ешқандай жұмыс жүргізбейді. Дегенмен, келіссөз процестерін тездетіп, салқындатылған сиыр еті және қосалқы өнімдер бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісіп, кейін кәсіпорындарды ҚХР-ға экспорттау үшін аккредиттеуден өткізу керек.
Бұл мәселе бүкіл ел бойынша ондаған мың кәсіпкер үшін маңызды мәселе болуына қарамастан, жұмыс баяу сарында жүріп жатыр. Осыған байланысты Үкіметке келесі сұрақтарды қойғым келеді:
- Ресей шенеуніктері салқындатылған сиыр еті бойынша нарықты ашқан соң, жарты жыл ішінде қосалқы ет өнімдері бойынша Қытай нарығына шыға алды. Ал бізде, экспорт жолдарын ашуға неге тиісті көңіл бөлінбейді?
- Реформалардың он жылы ішінде, әлемдік стандарттар бойынша өндірістік тізбек құрылғанына қарамастан, мал басын көбейту мен оның сапасын жақсарту, жабдықтар сатып алу, салаға қатысушыларды оқыту, мыңдаған гектар жайылымдарды айналымға енгізуге миллиардтаған жеке және қаншама мемлекеттік қаражат жұмсалды. Неліктен, Үкімет деңгейінде Қазақстанның ет саласы үшін, сату нарықтарын ашу бойынша кешенді міндеттер қойылмайды?
Онымен қоса, салқындатылған сиыр еті мен қосалқы өнімдер нарығын ашу мәселесі бойынша, жауапты құрылымның барлық іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және бекітуі үшін, депутаттар, құзырлы министрлік, мүдделі ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтарды тарта отырып, дөңгелек үстел өткізуді сұраймыз.
Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары