Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынатын болады
2021 ж. 28 қыркүйек
1284
0
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғалымдардың жаңа тобын құрып, коронавирустың шығу себебін тағы да зерттейді.
Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. Аталған топқа зертхана қауіпсіздігі, биоқорғау және генетика мамандығынан 20 адам кіреді. Зерттеу Қытай мен басқа елдерде жүргізіледі. Ғалымдар індеттің болашақта таралуының алдын алу үшін қажетті мәліметтер жинайды. Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла адамдар коронавирусқа қарсы жыл сайын вакцина салдырған жағдайда әлем қалыпты өмірге оралады деп мәлімдеді.
Оның ойынша, екпе алу арқылы ғана індеттен біржола құтылуға болады. Өйткені ғалымдар жасаған вакциналарды адамды тек бір жыл ғана қорғай алады.