“Ақ жол” жарылыстан зардап шеккендерге жылу сыйлады
2021 ж. 17 қыркүйек
1303
0
Арыс апатынан сабақ алмаған соң болған Жамбылдағы жарылыстың 17 адамның өмірін қиып кеткені өте ауыр қайғы болды.. “Ақ жол” партиясы ең алғашқы болып, , ел қайғысын бөлісіп, мәлімдеме жасады.
Бүгін “Ақ жол” партиясы таяп қалған қыстың алдын алып, Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен үш ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға екі вагон көмір таратты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданына “Ақ жол” партиясы басшылары, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Қазыбек Иса, партияның тексеру комиссиясы төрағасы Болат Өтепбаев, “Ақ жол” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Асан Қошмамбетов және өңірдегі мәслихат депуттаттары мен партия белсенділері барып, халықтың жағдайын біліп, арыздарын тыңдады.
Ауыл тұрғындарының шын ризашылығын білдіріп айтқандай: “Ақ жол” бізге жылу сыйлады! Көмірлеріңіз өмірлерімізге қуат бере берсін!” -дегені елдің шын ықыласын білдірді.