“Бір Аллаға тапсырдым”: Тамара Асар сәбиін өзі босанбады деп айыптағандарға жауап берді
2021 ж. 17 қыркүйек
1562
0
Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде көңіліне тиетін пікірлер жазып, сәбиін өзі босанбады деген оқырмандарға жауап берді, деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі.
“Босанған анаға мүлдем ұқсамайсыз. Сірә, Жазира ханым сияқты, суррогаттық…”, – деп болжам жасаған оқырманның әдепсіз әрекетіне әнші өзі жауап жазды.
“Сөзіңіз ащы, ниетіңіз лас екен. Сізге ақталып, тәнім мен жанымды жалаңаштау ойымда жоқ. Жиырма жылдан кейін менің тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен бір Аллаға тапсырдым сізді!”, – деп жазды әнші.
Еске салсақ, Тамара Асар қызын 2 қыркүйек күні дүниеге әкелген.