Тоқаев: Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар
2021 ж. 01 қыркүйек
2470
7
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл барын айтты, - демп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
Президент қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін атап өтті.
"Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.
Президент болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс екенін айтты. Себебі бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады.