Президент халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
2021 ж. 01 қыркүйек
1472
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"БҰҰ алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ол ондаған жылдар бойы қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан ауыз су мәселесі әлі шешім таппағанын айтты.
"Сондықтан, өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев.