Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыс туралы: Жағдай бақылауда
2021 ж. 27 тамыз
1638
0
ҚР Президеніт Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылысқа байланысты өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.
«Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс атқаруда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ, жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамға жетті. Олардың көбі жеңіл жарақат алғандар, тек 2 адамның ғана жағдайы ауыр.