ІНДЕТПЕН КҮРЕСУ – ОРТАҚ ІС
2021 ж. 25 шілде
1238
0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының өкілі Ерлік Өмірғали Көкше өңіріндегі медициналық мекеменің жағдайымен танысты.
Пандемияның кеселінен толық арыла алмай, қиындық атаулы аяғымызды орап тұрғны белгілі. Өңірлер қауіпті «қызыл жолаққа» қайта-қайта еніп, асқынған індеттен біржола арыла алмай отыр. Жан сақтаудың бір жолы – тұрғындарды вакциналау екенін дәрігерлер де айтып жатыр. Қазір вакцина екпесінің қоры көбейген кезде оны сақтаудың өзі оңайға соқпасы анық.
Облыстың медицина мекемелерінен түскен өтініштерге орай "Ақ жол" демократиялық партиясы осы мақсатта қайырымдылық жасауға шешім шығарды. Елордадан арнайы жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали Көкшетау қаласының іргесіндегі «Красный яр» кентіндегі денсаулық сақтау мекемесіне ат басын тіреп, демеушілік қаражатқа алынған екі ірі тоңазытқышты сыйға тартты. Бұл тоңазытқышта бір мезетте 16 мың дана вакцина сақтауға болады екен. Парламент депутаты Ерлік Өмірғали дәрігерлер алдында сөйлеген сөзінде пандемиямен күресу ақ халатты жандардың ғана жұмысы емес, баршаның ортақ ісі деді ол. «Бір мүддеге жұмылғанда ғана қауіпті індеттің бетін қайтара аламыз. "Ақ жол" партиясы алдағы уақытта осындай демеушілік шараларды жалғастыратын болады. Бізге елдің амандығы қымбат» – қалаулысы.
Кенттегі медициналық көмек көрсету кциналауға жататын 8959 адамның елу пайызы екпе алған екен. орталығының бас дәрігері Серік Сахиевтің айтуынша емхананың ауысымдық қуаты екі жүз науқасқа қызмет көрсете алады. Бүгінде бұл орталыққа осы елді мекенмен іргелес бес-алты ауыл кіретінін айтты.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов бірлесіп істеген жұмыстың берекесі болатынын білдіріп, ақжолдықтарға мыңдаған тұрғындар атынан алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.
qazaquni.kz