Қазыбек Исаға қарсы шабуыл - қазақ тіліне қарсы шабуыл - Смағұл Елубай
2021 ж. 22 тамыз
2048
4
Мәжіліс депутаты, белгілі ақын, Мемлекеттік тіл мен ұлттық мүдде мәсілесінде өткір ойларын ашық айтып жүретін қоғам қайраткері Қазыбек Исаға қарсы жала жауып, шабуыл жасаушылардың аз емес екенін бұған дейін талай жазғанбыз. Ұлтшылдарға ұйымдасқан түрде жасалып жатқан шабуыл туралы бүгін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде "МЕНІҢ ҚАНША АДАМДЫ “ӨЛТІРГЕНІМДІ” ҰМЫТЫП КЕТІПТІ ЖАЛАҚОРЛАР!" атты Қазыбек Исаның мақаласы жарияланған болатын.
Аталмыш мақала қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Белгілі зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер мен қоғам қайраткерлері де өз үндерін қосып, жала жабушылырға қарсы пікірлерін жазуда.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі танымал жазушы Смағұл Елубайдың пікірін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрді.
- Қазыбек Исаға қарсы шабуыл - қазақ тіліне қарсы шабуыл ма деп қаламын! Қазыбектің артында күллі тіл жанашырлары тұр! Сондықтан Қазыбекке жала жабуды тоқтату керек! Егер біз бір Қазыбектің үнін "өшірсек" миллион қазақтың үнін шығаруымыз мүмкін! - деді С. Елубай.