Ұлтшылды ақтап алу - қаны қазақтың парызы - Геройхан Қыстаубаев
2021 ж. 20 тамыз
2664
4
Сәкен Майғазиев -ке жасаған шабуыл - қазаққа, оның ішінде ұлтшылдарға жасалынып жатқан шабуыл емес пе, ағайын?!
Бұлай сұрауымның себебі: сотқа жазған арызын қайтарып алса да, Сәкенді қаралау әрекетінің қасақана тоқтамауы, тіпті өршіп кетуі.
Болмаса, «демократ» жастар әділетсіздікті Сәкеннен емес, мысалы айталық, бүкіл мемлекет байлығын тонап, қазақты осындай бишара күйге түсірген - А. Машкевич, Л. Миттал, қала берді өткен жылдары 1 млн $ пара алып жатқаны теледидар арқылы көрсетілген Кеденші Пак па Ли ме, т.б. сондай толып жатқан басқа жақтан іздеуі керек емес пе? Жоқ, «демократтар» «түйе жұтқанды емес, түйме жұтқанды» бітпейтін жырға айналдырып отыр.
Қызығы - осы «бітпейтін жырды» айтқызып жатқандар, елдегі басқа да бай олигархтық топтар мен сол - «түйе жұтқандар» емес пе? Өйткені, күндердің күнінде қазақтың байлығының есебін сұрайтын, осы - ұлтшылдар! Сондықтан, ұлтшылдарды қызметке тартып, оны әдейі былыққа батыру - бұл тонаушылардың сүйікті ісі!
Міне, Сәкенді халық көзіне «қылмыскер» етіп көрсетудің басты себебі осы болса керек.
Сәкен Майғазиев кезінде жер туралы, Алматыдағы ГЕЙ клубтары туралы, жалпы ұлттық мүдде туралы өнер адамдарының ішіндегі өз ойын ашық айтқан адам.
Сондықтан, Сәкенге қарсы әрекеттерді - ұлтшылдардың ауызын жабу амалдарының бірі деп қараған - қателікке соқтырмайды. Қазақты, қазақтың жерін, қарындастың намысын қорғайтындар: осы «қылмыскер» - Сәкен Майғазиев, «дөрекі» - Қалдыбек Құрманәлі , сосын сіз бен біз. Ең алдымен осы жағын ойлаған дұрыс.
Ал «демократ» жастарды қорғайтындар көп: Еуропа, АҚШ, Қытай, Ресей,... кете береді
Реті келіп тұрғанда, тағы бір ойымды айтайын.
Біздің қазаққа қазір «сыпайы» демократтарға қарағанда, «дөрекі» - Қалдыбек Құрманәлі сияқты өзі ұлтшыл және өзге ұлтшылдарды ешкімнен қаймықпай қорғайтын адамдар қажет! Осы болса, сыпайылықты қайтарып ала аламыз. Ал ұлтшылдарсыз, ұлтты жойып алған соң, жалаң сыпайылықпен қалсақ, ұлтымызды қайтарып ала алмаймыз! Осыны ұмытпау керек.
Жалпы ұлтшылдар туралы сын, әсіресе мін айтылғанда «екі қарап, бір шоқыған» абзал. Себебі ұлтшыл адам ұрлық жасамайды! Сәкеннің де ұрлық жасағанының үстінен түскен ешкім жоқ.
Ұлтшыл адам не білмей жасайды, не оны алдап былыққа қасақана тығады! Бұл екі жағдайда да ұлтшылды ақтап алу - қаны қазақтың парызы. Басқаша жағдайда, әдеттегідей, Майғазиев емес, одан млн, млрд есе көп көлемде Машкевич алып, онысын Израильге көмекке жібереді. Ол әлі де солай жасап жүр. Жасай береді де. Бірақ біз Машкевичті «көрмейміз», Майғазиев тұр ғой...
P.S. Майғазиев ешқандай ақша жеген жоқ! Қанша алса, алсын! Ол оның еңбек ақысы. Мыңдаған «өлік» өнер адамдарының ішінде ұлттық мүддені қорғаған Майғазиев маңдайымызға симай жатса, онда ондай маңдайды жарып тастау керек!
Геройхан Қыстаубаев,
Фейсбук парақшасынан