Қазақ тілін қорғап жүрген депутатқа шабуыл жасау Қазаққа шабуыл жасаумен бірдей!
2021 ж. 19 тамыз
2351
5
Мәжіліс депутаты, белгілі ақын, Мемлекеттік тіл мен ұлттық мүдде мәсілесінде өткір ойларын ашық айтып жүретін қоғам қайраткері Қазыбек Исаға қарсы жала жауып, шабуыл жасаушылардың аз емес екенін бұған дейін талай жазғанбыз. Ұлтшылдарға ұйымдасқан түрде жасалып жатқан шабуыл туралы бүгін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде "МЕНІҢ ҚАНША АДАМДЫ “ӨЛТІРГЕНІМДІ” ҰМЫТЫП КЕТІПТІ ЖАЛАҚОРЛАР!" атты Қазыбек Исаның мақаласы жарияланған болатын.
Аталмыш мақала қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Белгілі зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер мен қоғам қайраткерлері де өз үндерін қосып, жала жабушылырға қарсы пікірлерін жазуда.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі ең үздік пікірлерді оқырман қауымға ұсынуды жөн көрді.
Серік Ақсұңқарұлы:
Жақсының соңынан сөз ереді, Қазыбек! Мағжандарға да жала жапқан бұлар, сен түгілі! Бірақ, бұл 37шіі жыл емес, --ХХІ ғасыр ғой?!
Мәди Айымбетов:
Мұндай далбаса жалаға Қазбекжан қашанда қарсы тұра білесің ғой! Елің, тіл жанашырлары қолдайды, ең бастысы сол!
Құдиярбек Ағыбаев:
Мынау пәлекеттер, қазақты іштен де, сырттан да ірітіп жатыр. Қазақтан сау адам қалдырмды. Көріңде өкіргірлерге тоқтам бола ма, жоқ па? Халық жауы осындай-ақ болар. Қазақ есін жимаса, мыналар басқа шығып барады!
Зейнолла Абажанов:
Мына жалақорларға дауа жоқ екен. Жан-жағына көзін ашып қарамай ма? Кімнің күшігі болсаңдар да айтақтағанға шапқылай бермей ойланбайсыңдар ма? Адамда адалдық атты сезімнің бір кішкене жұғыны болу керек қой. Бір Қазыбек Иса нұротандық елу депутаттың жұмысын істеп жүр. Мықты болсаң сол ұйқылы-ояу отыратын сол маубастарға соқтық. Олардан қорқасың. Әлде солар саған тапсырыс беріп отыр ма? Не деген халықпыз дұрыс жұмыс істеп жатқан депутатқа шабуыл жасау халыққа шабуыл жасаумен бірдей нәрсе. Мұндай жалақорларды сотқа беріп терісін сыпыру керек. Қазақ тілін қорғап жүрген депутатқа шабуыл жасау Қазаққа шабуыл жасаумен бірдей!
Байбота Қошым-Ноғай:
"Жау жоқ деме - жар астында...".
Бейбіт Күлмағамбет:
Жасап жатқан натижелі істеріңізді қоғам көріп, өзінің әділ бағасын беруде. Қалың қамыстай қазағыңыз арқаңызды тіреп тұр. Мемлекеттік тіл - бұл ел тағдыры мәселесі екені қазірден белгілі болды, шаршамай шаба беріңіз. Жеңіс межесі алыста емес .
Өтен Ахмет:
Иә, жәй ғана қарапайым қазағыңды, туып өскен жер-суыңды, елдігіңді қорғаған тұлғаларды жақсы көрудің өзі "ұлтшылдық" деген таңба басуға алып келетіндей болып тұр. Еріксіз есіме түсті. 2006 жылы осы астанада өткен кезекті театр фестивалінде режиссер Мұрат Ахманов қойған менің "Кенесары, Наурызбайым" бас бәйгеге таласып тұрған жерінде, Ресей, Қырғыз сыншылары ішінен ұлтшылдық тапты, қарсы болды деп, біздің өз "мықтыларымыз" (Димаш әншімізді сынаған білгішсымақтар сияқты) әрі қарай өткізбей тастады. Қазір қазақ театрларында ұлттық рух мүлде жоқ. Шәмші, Мұқағали, Фариза, тағы сондайлармен алдамақ болады. Олардың жақсы дүниелерін ешкім де жоққа шығармайды, мен де. Ау, бірақ олар коммунистік идеологияға жұмыс істеген, өмірде қандай болғандары әлі көз алдымызда тұрған пенделер ғой. Рух оларда емес, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Мағжандарда. Бірақ олардың ұлттық рухын театрларға жолатпайды. Әрі кеткенде плакат сияқты қуырмаш бірдеңелерді жасай салады... Қазыбек Исаға қатысты келеңсіз әңгіме мені қатты шошытты...
Амантай Тойшыбайұлы:
Мұндай жала жабылған сайын беделіңіз өсе беретін болады Қазеке, халық ақымақ емес ғой, жақсының артынан сөз еретінін біледі. қазіргі IТ технологиясы бәрін де анықтайды. Олар артына қыл батпай өшіріп тастамай тұрғанда скриншот, фотосын бәрін алып жинақтап қойыңыз. Ертең елге сабақ болсын!
Думан Рамазан:
"Аққа - Құдай жақ" қой, Аға! Мойымаңыз!
Армангүл Солтанмұрат:
Ешқандай тәжірибесіз, оқуды бітірген кезде қол астыңызда қызметте болдым. Үнемі шырылдап шындықты жазып жататынсыздар. Ең арысы анау жылғы ұмыт болып бара жатқан Шелек оқиғасы. Сол кезде де сізге қандай қысымдар болғанын сол кезде қызмет еткен Almat Isa'dil , Арман, Jansaya Qurmangaliqyzy . Қорқатын ештеңе жоқ, тіл мәртебесін көтеру керек деп үнемі айтып, қозғап, жазып отырдыңыз. Айтқан ел айта берсін, мен білетін сіз халық жағдайынан бейтарап қалмайтыныңызды толық білемін. "Ит үреді, керуен көшеді" өз ұстанымыңыз, өз ойыңыз бар қалыптасып болған, құрметті ағамызсыз. Сізге ондай сөздер әсер етпеу керек!
Зүбәйра Әкім:
Қазақ тілін қорғап жұмыс істей бастап еді, қоркаулар шоқпар ала итiңдей бастапты. Өз қарынан жерігендер осылар ғой! Қазақ тiлIн аңсаған Қалың қазақ өзіңіз жақта Қазаға! Қызғаныштан ұлтсыздар жарылуда.